27 сәуір 2014 22:34

Ел футболында көшбасшы ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет fca.kz сайтынан Сурет fca.kz сайтынан

Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасында сегізінші турдің ойындары өтіп, көшбасшы ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасында сегізінші турдің ойындары өтіп, көшбасшы ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сегізінші турдағы орталық матч Астанада өтті. Ел біріншілігінде көш бастап келе жатқан "Астана" клубы өзінің өкшесін басып келе жатқан "Ақтөбе" футболшыларын қабылдады. Тартысты өткен ойында өткен маусымдағы ел чемпионы жеңіске жетті. Ал "Астана" биылғы маусымда бірінші рет жеңіліске ұшырады.

Қарағандының "Шахтері" көшбасшылар бір-бірінің жолын кескенін пайдалана алмады. Егер кеншілер клубы Қызылордада жеңіске жеткенде, суырылып алға шығар еді. Бірақ Қарағанды футболшылары түзде "Қайсардан" ұтылып қалып, үшінші орынға сырғыды.

Биылғы маусымды өте сәтсіз бастаған "Қайрат" қарқынын үдетіп келеді. Сегізінші турда алматылықтар "Ертісті" етпетінен түсірді. Ал "Тобыл" өз алаңында "Таразды" тізе бүктіріп, тығырықтан шығу үшін тырысып жатқандығын дәлелдеді.

Соңғы турларда ойыны мандымай жүрген "Жетісу" да өз алаңында "Атыраудан" айласын асырып, үш ұпай еншіледі. "Спартак" сол күйі жеңілістен көз ашар емес. Бұл жолы Шымкентте жергілікті "Ордабасы" клубынан ұтылып қайтты.

Сонымен сегізінші турда көшбасшы ауысты. "Ақтөбе" екі саты жоғарылып, бірінші орынға көтерілсе, "Астана" екінші орынға ығысты. Бірақ екеуінің де еншісінде – 17 ұпайдан. "Шахтер" 16 ұпаймен бір саты төмен жылыстады. 4-6 орындарды 12 ұпаймен "Ордабасы", "Жетісу" және "Атырау" бөлісіп тұр. "Қайрат" пен "Қайсар" 11 ұпаймен 7-8 орындарға орналасты. "Тобыл" – тоғыз ұпаймен тоғызыншы орында. Соңғы турларда төмен сырғып бара жатқан "Ертіс" сегіз ұпаймен 10 орынға табан тіреді. «Тараз» бес ұпаймен 11-орында көп тұрақтап қалды. "Спартак" – екі ұпайымен сол баяғысынша әлі көш соңында.

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. VІІ тур.

"Астана" – "Ақтөбе" – 1:2
Голдар: Зенькович, 4 (0:1). Кетевоама, 15 (1:1). Хайруллин, 45 (1:2).

"Қайсар" (Қызылорда) – "Шахтёр" (Қарағанды) – 1:0
Гол: Калинин, 69.

"Қайрат" (Алматы) – "Ертіс" (Павлодар) – 2:1
Голдар: Қуантаев, 39 (1:0). Дарабаев, 41 (2:0). Говедарица, 89 (2:1).

"Тобыл" (Қостанай) – "Тараз" – 1:0
Гол: Богданов, 51.

"Жетісу" (Талдықорған) – "Атырау" – 1:0
Гол: Ковалев, 32.

"Ордабасы" (Шымкент) – "Спартак" (Семей) – 2:1
Голдар: Мвесигва, 44 (1:0). Чович, 65 (1:1). Мвесигва, 73 (2:1).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети