Эль-класико: "Барселона" "Реалдан" басым түсті

24 Сәуір 2017, 09:41
0
Эль-класико: "Барселона" "Реалдан" басым түсті - © Всепроспорт.ру
© Всепроспорт.ру

Футболдан Испания чемпионатының ХХХІІІ тур ойындарында "Реал" мен "Барселона" кездесті. Мадридте өткен ойында каталондық клуб 3:2 есебімен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

Ойында бірінші болып "Реал" ойыншылары есеп ашқан. 28 минутта Карлос Каземиро гол соқты. Араға 5 минут сала Лионель Месси есепті теңестірді. Осылайша командалар бірінші таймда тең тарқасты.

Екінші тайм қос команданың ширақ шабуылдарымен басталды. Бірақ командалар жылдам гол соға алған жоқ. 73 минутта барып қана есеп өзгерді. Иван Ракитич "блаугрананы" алға шығарды. Ал 77 минутта "Реал" капитаны Серхио Рамос қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

82 минутта алаңға Карим Бенземаның орнына шыққан Хамес Родригес араға 3 минут сала есеп теңестіріп, жергілікті жанкүйерлерді қуантты. Десе негізгі уақытқа қосылған қосымша минуттарда Лионель Месси "Барселонаға" жеңіс сыйлаған голды соғып кетті.

ХХХІІІ турдан кейін "Барселона" мен "Реал" 75 ұпайдан жинап көш бастап келеді. Дегенмен мадридтік команданың бір артық ойыны бар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай