23 наурыз 2015 08:50

"Эль Класико" дербиінде "Барселона" клубы "Реал" командасын тізе бүктірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Испания чемпионатының 28-турының матчында "Барселона" мадридтік "Реал" командасын жеңіп кетті. "Каталондықтар" мен "корольдік клуб" арасындағы "Эль Класико" 2:1 есебімен, Барселонаның жеңісімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Матчтың 19-минутында "Барселона" командасының қорғаушысы Жереми Матье есеп ашты. "Реал" 31-минутта есепті теңестірді, Криштиану Роналду гол салды. Екінші таймдағы шешуші голды "Барселона" клубының шабуылшысы Луис Суарес соқты. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Осы жеңісінің арқасында "Барселона" клубы "Реал" командасынан турнир кестесінде төрт ұпайға дейін ұзап кетті. 28-турдан кейін каталондықтар 68 ұпаймен, ал "корольдік клуб" 64 ұпаймен келе жатыр. Үшінші орында "Валенсия" тұр (60 ұпай). 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети