31 шілде 2014 18:45

"Ертіс" ФК басшыларының соққыға жығылуы олардың кәсіби қызметіне байланысты емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

"Ертіс" футбол клубы басшыларының соққыға жығылуы олардың кәсіби қызметіне байланысты емес, - деп хабарлайды Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


"Ертіс" футбол клубы басшыларының соққыға жығылуы олардың кәсіби қызметіне байланысты емес, - деп хабарлайды Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, спортқа бас-көз боп жүргендердің соққыға жығылуы олардың кәсіби ісіне байланысты деген пайым нақтыланбады. "Тергеу "Ертіс" ФК басшыларына жасалған шабуыл зардап шегушілердің кәсіби ісіне емес, жеке коммерциялық мүдделеріне байланысты екенін анықтады" деп мәлімдейді Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмова.

Еске сала кетелік, "Ертіс" ФК жетекшілеріне шабуыл  Қазақстан чемпионатының 12-турындағы "Ертіс-Спартак" командалары арасында өткен ойыннан кейін 18 мамырда орын алған. Бетперде киіп алған біреулер өз пәтерлеріне жеделсатымен көтерілген "Ертіс" футбол клубының техникалық директоры Болат Ысқақов пен клубтың бас директоры Халімжан Ержановты алдынан күтіп алған. Жеделсаты есігі ашылғанда  оларға темір таяқпен әлгілер бас салған. Ауыр соққы салдарынан Болат Ысқақовтың басы қатты жарақаттанса, Халімжан Ержановтың миы шайқалған, бірақ ол ауруханаға барудан бас тартқан.

Бұған дейін хабарланғандай, "Ертіс" ФК басшыларын соққыға жықты деген күдікпен Павлодардың 28-30 жас аралығындағы төрт тұрғыны тұтқындалған. Оларға "қасақана адам ағзасына зиян тигізді" деп айып тағылған. Қылмысты зерттеуге соққыға жығушыларды зардап шегушілер медициналық бетперде таққандықтан тани алмағандары қиындатқан. Полиция мәліметі бойынша, оның бірі қылмысты ұйымдастырушы боп табылады, ал қалған үшеуі оны жүзеге асырушы. Егер олардың кінәсі дәлелденетін болса, онда оларды сегіз жыл бас бостандығынан айыру үкімі күтіп тұр. Тұтқынға алынғандардың екеуі алдында кісі өлтіру, ұрлап-тонау бойынша түрменің арғы жағында боп келгендер.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети