01 шілде 2014 12:06

"Ертіс" футбол клубының экс-басшысы пара берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ертіс" ФК бас директоры - Халімжан Ержанов. Сурет: "Тобыл" ФК сайтынан "Ертіс" ФК бас директоры - Халімжан Ержанов. Сурет: "Тобыл" ФК сайтынан

Павлодарлық "Ертіс" футбол клубының бұрыңғы басшысы Хәлімжан Ержановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жақында ол денсаулыққа байланысты өз еркімен арыз жазып, қызметтен кеткен болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қостанай облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Рустам Садықовқа сілтеме жасап.


Павлодарлық "Ертіс" футбол клубының бұрыңғы басшысы Хәлімжан Ержановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жақында ол денсаулыққа байланысты өз еркімен арыз жазып, қызметтен кеткен болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қостанай облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Рустам Садықовқа сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Ержанов Қостанай қаласының денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып жүрген кезде сыбайлас жемқорлыққа жол берген. "2014 жылы маусымның 20-сы күні "Қостанай қаласы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұрыңғы жетекшісі Ержанов қаржы полициясының облыстық департамент инспекторына 6 мың доллар көлемінде пара берді. Бұл ақша оған қатысты тексеріс бойынша оң шешім шығарылсын деп берілген", - деді Садықов. Осыған байланысты "Ірі көлемде пара беру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Ертіс" клубының экс-басшысы өз кінәсін мойындады. Қазіргі кезде барлық материалдар прокуратураға жіберілді. 

Айта кетейік, мамырдың 18-і күні "Ертіс" футбол клубының басшылығына шабуыл жасалған болатын. Лифттен шығар жолда клубтың техникалық директоры Болат Ысқақов пен бас директор Хәлімжан Ержановқа белгісіз біреулер жабылып, соққыға жыққан. Соның салдарынан Ысқақов басынан қатты жарақат алды. Ал Хәлімжан Ержанов аурухана қызметінен бас тартты.

Бір айдан кейін осы қылмысқа қатысы бар деген төрт адам ұсталды. Олардың ішінде ұйымдастырушы мен атқарушылар бар. Барлығы - Павлодар қаласының тұрғындары. Жастары - 28-30 шамасында. Екеуі бұған дейін қарақшылық пен адам өлтіргені үшін сотталған болатын. Қылмыскерлер бетперде киіп, шабуыл жасаған. Күдіктілердің біреуі маусымның 13-інде қолға түссе, қалғаны 14-15-і күндері ұсталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети