19 наурыз 2015 18:41

"Ертіс" клубынан 5 футболшы кетіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Байжанов (оң жақта) карберасын семейлік "Спартакта" жалғастырады. ©prosportkz.kz Тимур Байжанов (оң жақта) карберасын семейлік "Спартакта" жалғастырады. ©prosportkz.kz

Павлодарлық "Ертіс" футбол клубынан бес ойыншы кетіп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы. Олар: Тимур Байжанов, Матвей Матвиенко, Алтынбек Дәулетханов, Антон Деркач пен Артем Волков.


Павлодарлық "Ертіс" футбол клубынан бес ойыншы кетіп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы. Олар: Тимур Байжанов, Матвей Матвиенко, Алтынбек Дәулетханов, Антон Деркач пен Артем Волков.

Порталдың мәліметінше, командадан кеткен бұл бес ойыншының барлығы да - Павлодар футболының тәрбиеленушілері. Енді олар "Спартак" (Семей) командасында өнер көрсетеді.

"Олардың ішінен Дәулетхановты негізгі құрамаға алмақшы болған, бірақ футболшыға оның жарақаты кедергі жасады. Ол жарақат алғаннан кейін қалпына келіп үлгермей, командасымен бірге құрамаға бара алмады", - деп хабарлайды портал. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Айта кетейік, бұл бестіктің арасындағы Байжановтың да 2013 жылы "Қайрат" командасына тартылғаны белгілі. Алматылықтар одан зор үміт күткенімен, ол 13 ойынға қатысып, маусым аяқталғаннан кейін "Ертіске" оралды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети