03 маусым 2014 | 19:04

"Ертіс" клубының спорт жөніндегі директоры емханадан шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ертіс" футбол клубының спорт жөніндегі директоры - Болат Ысқақов. Фото ©sports.kz "Ертіс" футбол клубының спорт жөніндегі директоры - Болат Ысқақов. Фото ©sports.kz

Қаскөйлердің шабулынан зардап шеккен "Ертіс" футбол клубының спорт жөніндегі директоры Болат Ысқақов емханадан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі клубтың баспасөз хатшысы Мұхит Омаровқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қаскөйлердің шабулынан зардап шеккен "Ертіс" футбол клубының спорт жөніндегі директоры Болат Ысқақов емханадан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі клубтың баспасөз хатшысы Мұхит Омаровқа сілтеме жасап.

"Болат Ысқақов емін толық қабылдап, дәрігерлердің кеңесі бойынша кеше емханадан шықты. Қазір ол үйінде. Енді денсаулығын қалыпына келтіру үшін бір ай бойы сауықтыру кезеңінен өтетін болады", - дейді Мұхит Омаров. Оның айтуына қарағанда, спорттық директор емін Павлодарда қабылдай береді екен.

Айта кетейік, "Ертіс" ФК-ның басшыларына шабуыл жасаған қаскөйлердің бірі Болат Ысқақовтың бас сүйегін сындырып, сүйек сынықтары оның миына түсіп кеткен. Қиын оперциядан кейін де, жағдайы ауыр күйде болып, бірнеше күн комада жатқан. Тіпті дәрігерлер ол оянған сәтінде есін жоғалтып алу мүмкін деп қорыққан. Бірақ, мұндай болжамдар жоққа шықты. 

Еске сала кетейік, бұл оқыс оқиға 18 мамырда жексенбі күні Павлодарда болды. Бетперде киген белгісіз екі адам клуб басшыларын Ержановтың жалдамалы пәтерінің алдында күтіп тұрған. Олар лифттен шыққан сәтте қаскөйлер бас салып, екеуін темірмен соққының астына алады. Нәтижесінде Ысқақов басынан ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілсе, клубтың бас директоры басынан ашық жарақат алып, емханаға барудан бас тартқан.

Шабуыл жасау фактісіне қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Бірақ кейін ол "Адам денсаулығына ауыр зардап келтіру" бабына өзгертілді. Клуб мүшелері бұл іспен полиция айналысып жатқандығынан басқа, ешнәрсе айтқан жоқ. Бұл істің қалай өтіп жатқаны және күдіктілер туралы полиция да әлі ешқандай мәліметтер бермеді. Айта кетейік, бұл істі Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев жеке өз бақылауына алған. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети