07 сәуір 2015 19:08

"Ертіс" командасының ойыншылары жаттығуға таксимен келуге мәжбүр болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Alangatagov @Alangatagov

Алматыға "Қайрат" футбол клубымен ойнауға келген "Ертіс" командасының ойыншылары жаттығуға таксимен келуге мәжбүр болды. Себебі, алматылық клуб оларға тиісті автобусты бермеген, - деп хабарлайды ИА Pavlodar news. Павлодарлық клубтың президенті Игорь Елащук болған оқиға жөнінде Кәсіби футбол лигасының төрағасына хабарлағанын айтты.

Оның айтуынша, жаттығудан кейін клуб басшылығы футболшыларға тиісті автобусты бермеген. Онымен қоса, "Ертіс" футбол құрамасының ойыншылары болған жағдайға байланысты жаттығудың өз деңгейінде өтпегені үшін шағымданды. Vesti.kz басылымының хабарлауынша, келеңсіз жағдайға байланысты алматылық клубтың басшылары арнайы түсініктеме беріпті. "Ертіс" командасын жаттығуға әкелуге тиіс болған автобус жол кептелісінде қалып, "Алма-ата" қонақ үйіне дер кезінде жете алмады", - деп жазылған клуб сайтындағы хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Таразда болған матчтан кейін "Қайрат" футбол командасының автобусына тас лақтырылған болатын. Оқиға 21 наурыз күні болды. Нәтижесінде "Тараз" футбол клубына 500 мың  теңге айыппұл салынды. Еске салайық, ойын 1:0 есебімен тараздықтардың пайдасына шешілген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети