04 ақпан 2019 14:20

Ештеңеден қорықпаймын - Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бапкері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бапкері Михал Билек. Фото © REUTERS Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бапкері Михал Билек. Фото © REUTERS

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек бірінші баспасөз конференциясында мерзімінен бұрын қызметінен кету мүмкіндігі бар екенінен қорықпайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек бірінші баспасөз конференциясында мерзімінен бұрын қызметінен кету мүмкіндігі бар екенінен қорықпайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Михал Билектің айтуынша, Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде ол бір жылға келісімшарт жасасқан. 

"Қазақстанда бірінші рет келуім емес - бір жыл бұрын мұнда "Славия" келген еді. "Астанамен" жұмыс істеген Мирослав Беранекпен кездестім. Қазақстан туралы мәліметтерге қанықпын. Мақсатымыз ауыр. Іріктей алу мүмкіндігі берілгеніне қуаныштымын. Ойыншыларды зерттеуге мүмкіндік аламын. (...) Ойындарды қарауым керек - олар Түркияда өтеді. Сосын мен қалай болатыны туралы жалпы картинаны шығарамын. Тапсырма жайлы айта алмаймын - ойындардың нәтижесі бойынша жауап бере аламын. Бұрынғыға қарағандар осы таңдау сәтті болуын тілеймін", - дейді Бас бапкер. 

Журналистер бапкерден "Мерзімінен бұрын сәтсіздіктердің салдарынан өз қызметінен кетуден қорықпай ма? - деп сұрады. 

"Мен ештеңеден қорықпаймын. Тобымыз өте мықты. Команданың ойындарын көрдім, олар жаман емес. Команданы іріктеп шығарған уақытта, дұрыс тактиканы таңдап аламыз деп ойлаймын. Барлық ойында өзімізді көрсетуге мүмкіндік болады", - дейді ол. 

Чехиялық маман Бахтиер Зайнутдиновтың негізгі құрамаға кіре алмағаны туралы да түсіндіріп өтті. 

"Постниковтың жарақаты бар. Ал Карпин ойыншыны жібермеді, себебі бұл ФИФА-ның ресми емес "терезесі" Зайнутиновты шақырғымыз келген: "Ростов" клубына хабарлсатық, онда Ресей Кубогы өтіп жатқанын айтты. Біз футболдың тәртіпті әрі жауапкершілігі болғанын қалаймыз. Мен үшін допты алып жүру емес, команда маңызды. Жылдам әрі тиянақты ойнағымыз келеді. Әсіресе, қарсыластың айып алаңында", - деді Михал Билек. 

Айта кетейік, 19 қаңтарда Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ресми түрде Билектің Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде тағайындалғанын жариялады. Бұл қызметте ол болгариялық Станимир Стойловты алмастырды. 

Михайл Билек кеңейтілген команда тізіміне 36 ойыншыны енгізді. Онда ресейлік "Уфа" шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет, голландиялық "Хераклес" жартылай қорғаушысы Александр Меркель бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети