22 наурыз 2019 10:54

Еуро-2020. Қазақстан құрамасы Шотландияны ойсырата ұтты

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото: Тұрар Қазанғапов © фото: Тұрар Қазанғапов

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. Топтағы алғашқы ойында отандастарымыз Шотландияны ойсырата ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. Топтағы алғашқы ойында отандастарымыз Шотландияны ойсырата ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Астана Аренада" өткен ойында қазақстандық футболшылар қарсыластарын 3:0 есебімен ұтты. Жаңа жаттықтырушы Михал Билек өзінің алғашқы ресми ойынында командамен жеңіске бастар жолды тапты.

Ойындағы алғашқы голды, жалпы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы голды Юрий Перцух соқты.

6 минутта Александр Меркель берген пасты сәтті пайдаланып, есеп ашты. Ал араға 4 минут сала Ян Вороговский есепті еселеді.

Екінші тайм басында Ресейдің "Ростов" командасында ойнайтын Бахтиер Зайнутдинов есепті еселеді. Гафуржан Сүйімбаевтың әуелете асырған добын баспен қарсылас қақпасына тоғытты. Есеп 3:0.

Таблодағы нәтиже сақталып, Қазақстан құрамасы айқын жеңіске жетті. 3 ұпаймен топта көш басына шықты. Қазақстан ұлттық құрамасы келесі ойынын 24 наурыз күні Ресей құрамасына қарсы өткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети