10 шілде 2014 22:47

Еурокубокта қазақ клубтары екі жеп биге шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото uefa.com сайтынан Фото uefa.com сайтынан

Бүгін футболдан Еуропа лигасының 2014/2015 жылдар маусымындағы бірінші електік сатысының қарымта матчтары өтіп жатыр. Әзірше Қазақстанның екі клубы қарсыластарына үстемдік танытып, келесі кезеңге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін футболдан Еуропа лигасының 2014/2015 жылдар маусымындағы бірінші електік сатысының қарымта матчтары өтіп жатыр. Әзірше Қазақстанның екі клубы қарсыластарына үстемдік танытып, келесі кезеңге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Негізі, бүгін үш клубымыз да ойнайды. "Қайрат" Албанияда "Кукеси" клубымен кездесуі керек. Бұл матч Астана уақытымен түнгі 23:30-да басталады. Ал "Астана" мен "Шахтер" жалпы есепте Арменияның екі клубын 6:1 есебімен ойсырата жеңді.

Ереванда "Пюникті" 4:1 есебімен тас-талқан қылған "Астана" елордада бар күш-жігерін салмай-ақ, Арарат аңғарынан келген қонақтарынан 2:0 есебімен басым түсті. Қаншама гол соғатын мүмкіндіктерін мүлт жіберіп қойды. Тіпті жаттығу жұмысында жүргендей, емін-еркін ойнап, Еуропа лигасының екінші електік сатысына қиналмай шықты.

Қарағандының "Шахтері" де армениялық қарсыласын оңай шақты. Түзде 2:1 есебімен жеңіске жеткен кеншілер клубы "Ширакты" Қарағанды төрінде 4:0 есебімен жеңді.

"Шахтер" да екінші таймның басына дейін төрт гол соғып алды да, тізгінін тартты. Әйтпесе, қалған 40 минутта тағы да бірнеше гол соғуға шамасы жетер еді. Бұл ойында Ұлан Қонысбаев нәтижелі ойын өрнегін көрсетті. Өзі де гол соқты, серіктеріне де гол соғуға жағдай жасап берді.

Енді Албаниядан қуанышты хабар күтеміз. "Қайрат" та қазақ клубтарының бүгінгі жеңісті жолын жалғастырып, келесі кезеңге шығады деп үмітенеміз.

Ал Еуропа лигасының 2014/2015 жылдар маусымындағы екінші електік сатысындағы "Астананың" қарсыласы белгілі. Елорда клубы енді Израильдің "Хапоэль" (Тель-Авив) клубымен кездеседі. Бірінші ойын 17 шілде күні түзде, ал екіншісі 24 шілдеде Астанада өтеді.

"Шахтер" болса, қарсыласын күтеді. Кеншілер клубының қарсыласы сәлден соң "Атлантас" (Литва) және "Дифферданж" (Люксембург) клубтары арасындағы матчта анықталады. Бірінші ойында Люксембург клубы 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Қайсысы болсын, "Шахтер" осы екеуінің жалпы есепте жеңіске жеткенімен 17 шілде күні түзде кездеседі. Ал 24 шілдеде Қарағандыда қабылдайды.

"Астана" (Астана, Қазақстан) – "Пюник" (Ереван, Армения) – 2:0

Голдар: Жолшиев, 13. Шомко, 78.
"Астана": Эрич, Аничич, Пикалкин, Бейсебеков, Постников, Кояшевич (Фокси, 46), Нөсербаев, Шомко, Каньяс (Мұжықов, 83), Жолшиев, Курдов (Жуков, 57).
Бірінші ойын – 4:1.

"Шахтер" (Қарағанды, Қазақстан) – "Ширак" (Гюмри, Армения) – 4:0

Голдар: Клодо, 12-автогол. Қонысбаев, 29. Покривач, 45+1. Финонченко, 49.
«Шахтер»: Мокин, Джидич (Байжанов, 62), Малый, Масло, Киров, Симчевич, Вичюс, Қонысбаев (Мурзоев, 77), Покривач, Топчагич (Мұртазаев, 71), Финонченко.
Бірінші ойын – 2:1.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети