17 шілде 2014 23:39

Еуропа лигасы: Дат клубы "Қайратқа" дес бермеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото fckairat.kz сайтынан Фото fckairat.kz сайтынан

"Қайрат" Еуропа лигасының екінші електік сатысындағы алғашқы матчында сенім үдесінен шыға алмай, "Эсбьерг" клубын тең түсті. Есеп – 1:1, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Қайрат" Еуропа лигасының екінші електік сатысындағы алғашқы матчында сенім үдесінен шыға алмай, "Эсбьерг" клубын тең түсті. Есеп – 1:1, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Даниядан келген "Эсбьерг" осал команда емес екен. Тіпті "есті", яғни тәжірибелі ұжым екен. Ойыншыларының техникалық шеберліктері жоғары екендігі де көзге ұрды.

"Қайрат" өз алаңында көсіле сілтеуге тырысып еді, оған "Эсбьерг" көндіге қоймады. Қарсы шабуылдарымен алматылықтардың қорғанысын піспектеумен болды. Бірінші тайм алма-кезек шабуылмен аяқталды.

Екінші таймның басында Бауыржан Исламханның тепкен добы дат қорғаушысының қолына тиіп, төреші пенальти берді. Йосип Кнежевич 11-метрлікті мүлт жіберген жоқ.

"Эсбьергтің" әлеуетін байқап, "Қайрат" есепті еселемек тұрмақ, осы есепті ұстап қалса деп едік. Алайда, бұл тілегіміз де орындалмады. Дат клубы жеңілу үшін келмегендерін дәлелдеп, шабуылды үдете түсті. Ақыры өз дегендеріне жетіп тынды. Ойынның соңғы минуттарында таразы басын теңестіріп кетті...

Енді "Қайратқа" оңай болмайды. Түзде "Эсбьергтен" тактикалық тұрғыда айласын асыру амалдарын ойластыру керек.
Десек те, үмітімізді үзбейміз. Қазақстан клубтары Еурододадағы биылғы маусымда әлі жеңілген жоқ. Әлі де жеңілмей, біразға дейін барса екен дейміз...

"Қайрат" (Алматы, Қазақстан) – "Эсбьерг" (Дания) – 1:1

Голдар: Кнежевич, 50-пенальтиден (1:0). Фелла, 90+2 (1:1).
Ескерту: Смақов, 36. Лунин, 89 – ван Бурен, 37. Фелла, 76. Нильсен, 91.

"Кайрат": Хомич, Плиев, Кислицын, Смақов, Қуантаев, Михалик, Исламхан (Гурман, 91), Кнежевич (Исаэл, 86), Бакаев, Едигарян (Лунин, 62), Гоу.

"Эсбьерг": Дубравка, Якобсен, Эдди Гомеш (Аскоу, 81), Лаурсен, Леквен, Андерсен, Анкерсен, Лусена, Фелла, ван Бурен (Нильсен, 84), Люнг (Вестергор, 66).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети