18 шілде 2014 01:02

Еуропа лигасы: "Шахтер" Литвада тең түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото shahter.kz сайтынан Фото shahter.kz сайтынан

"Шахтер" Еуропа лигасының екінші електік сатысындағы бірінші матчын түзде "Атлантас" клубымен өткізіп, 0:0 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Шахтер" Еуропа лигасының екінші електік сатысындағы бірінші матчын түзде "Атлантас" клубымен өткізіп, 0:0 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл ойында "Шахтер" басымдық танытты. Қарағанды клубы көп шабуылдады, соққыны да көп бағыттады. Рас, алаң иелерінің де гол соғатын тамаша екі мүмкіндігі болды. Оның беруінде доп қақпа бағанасына тиіп, кері серпілді.

Десек те, "Шахтердің" мүмкіндіктері одан да көп болды. Қазақстан клубының да бір соққысы қақпа бағанынан қайтты. Әрі кеншілер клубының шабуылдары әлдеқайда қауіпті болды. Бірақ доп қақпаға енбей қойды...

Осылай жоғары қарқында өткен матч тең аяқталды. Дәл осылай ойнаса, 24 шілде күні "Шахтер" өз алаңында жеңіске жетуі керек деп ойлаймыз. Тек сәттілік тілейміз.

Сонымен, Қазақстан клубтары Еуропа лигасының екінші електік сатысындағы бірінші кездесулерін өткізіп болды. Бүгін үш командамыз жасыл алаңға шығып, "Астана" ірі жеңіске қол жеткізді де, "Шахтер" мен "Қайрат" тең түсті. Кеше "Ақтөбе" Тбилисиде шежіресі мол "Динамоны" жеңген болатын.

Сонда, жеңілген ешқайсысы жоқ – екі жеңіс, екі тең ойын. Еурододаларда намысымызды қорғап жатқан клубтарымыз осы қарқындарынан қайтпасын деп тілейміз.

"Атлантас" (Клайпеда, Литва) – "Шахтер" (Қарағанды, Қазақстан) – 0:0

Ескертулер: Элиошюс, 43. Казлаускас, 87 – Покривач, 60. Масло, 70. Малый, 87.

"Атлантас": Галдикас, Йокшас, Гнедос, Емелин, М.Казлаускас, Барткус, Д.Казлаускас, Папшис, Жукаускас, Элиошюс (Максимов, 82), Крушнаускас (Баранаускас, 71).

"Шахтер": Мокин, Джидич, Малый, Масло, Симчевич, Вичюс, Қонысбаев (Саломов, 91), Покривач, Киров, Топчагич (Мурзоев, 85), Финонченко (Муртазаев, 92).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети