18 шілде 2014 19:04

Еуропа лигасында да үшінші електік кезеңінің жеребесі тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото uefa.com сайтынан Фото uefa.com сайтынан

Бүгін Ньонда УЕФА чемпиондары лигасының жеребесінен кейін Еуропа лигасының да үшінші електік сатысындағы жеребесі тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін Ньонда УЕФА чемпиондары лигасының жеребесінен кейін Еуропа лигасының да үшінші електік сатысындағы жеребесі тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Егер үш клубымыз Еуропа лигасының екінші електік сатысынан өтсе, онда келесі кезеңде қай командалармен кездесулері мүмкін екендіктерін білді.

"Астана" Израильдің "Хапоэль" клубынан өтсе, онда "Линфилд" (Солтүстік Ирландия) – АИК (Швеция) жұбының жеңімпазымен жолығады. Бұл екі команданың арасындағы бірінші матчта "Линфилд" 1:0 есебімен жеңісе жеткен екен.

Алайда АИК – өз алаңында есесін еселеп қайтаруға қабілеті жететін команда. Десек те, әліптің артын тосайық. Бірінші кезекте, "Астанаға" Кипрде "Хапоэль" клубын жолынан тайдыруы керек.

"Шахтер" өз алаңында Литваның "Атлантасын" қандай есеппен болсын, әйтеуір ұтса, онда келесі кезеңде "Дандолк" (Ирландия) – "Хайдук" (Хорватия) жұбында жеңіске жектен командамен кездеседі.

Бұл екеуінің арасындағы Ирландияда өткен бірінші матчта "Хайдук" 2:0 есебімен басымдық танытыпты. Енді Хорватия клубының Сплитте де үстемдік танытатындығына шүбә келтіре алмаймыз.

"Қайрат" Данияда "Эсбьерг" клубынан айласын асырса, келесі кезеңде жеңілдеу болар еді. Өйткені "Рух" (Польша) және "Вадуц" (Лихтенштейн) клубтарын Еуропа лигасына дәл осы үшінші електік сатысында қосылатын ПСВ (Нидерланды) клубындай азулы дей алмаймыз.

Әйтсе де, тілімізді тістей тұрайық. "Қайрат" екінші кезеңнен өте ала ма? Түзде "Эсбьергті" етпетінен түсіре ала ма? Көңіл күпті... Сонда да, көмескі болса да, үмітімізді үзбейміз.

Ал "Рух" және "Вадуц" жұбындағы бірінші ойында Польша клубы 3:2 есебімен жеңіске жетіпті. Түзде екі гол соққан Лихтенштейн клубының да мүмкіндігі жоғары сияқты. Әйтсе де, бәрін тек 24 шілде күні білетін боламыз.

Сонымен бүгінгі жеребе Қазақстан клубтары үшін төмендегідей болып түсті:

"Астана" (KAZ) / "Хапоэль" Тель-Авив (ISR) – "Линфилд" (NIR) / АИК (SWE)
"Рух" (POL) / "Вадуц" (LIE) – "Қайрат" (KAZ) / "Эсбьерг" (DEN)
"Атлантас" (LTU) / "Шахтер" (KAZ) – "Дандолк" (IRL) / "Хайдук" (CRO)

Еуропа лигасының үшінші електік сатысында бірінші ойындар 31 шілде күні бірінші жазылған жұптардың жеңімпаздарының алаңында, ал қарымта матчтар 7 тамыз күні екінші жұпта жеңіске жеткен командалардың алаңында өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети