Еуропа лигасының жеңімпазы анықталды

17 Мамыр 2018, 09:11
0
Еуропа лигасының жеңімпазы анықталды -

Футболдан 2017/2018 жылғы маусымдағы Еуропа лигасын мадридтік "Атлетико" командасы жеңіп алды. Лионда өткен финалда испаниялық ұжым Францияның "Марсель" командасын 3:0 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойында мадридтік клубтың үздік ойыншыларының бірі Антуан Гризманн дубль жасаса, кездесу аяқталар тұста Габи есепті еселеді.

"Марсельдің" ойын басында гол соғатын тамаша мүмкіндігі болған. Валер Жерменнің тепкен добы қақпа бағанынан биік кетті. Ал 32-ші минутта Димитри Пайе жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. 

Мадридтік ұжым өз тарихында бұл атақты үшінші рет иеленіп отыр. Олар 2010 және 2012 жылдары да бас жаттықтырушы Диего Симеонемен бірге жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, биылғы маусымдағы Еуропа лигасына елімізден "Астана" футбол клубы қатысты. 1/16 финалда Лиссабонның "Спортинг" клубына жол беріп, жарысты аяқтаған еді.

Чемпиондар лигасының финалы 26 мамырда Украина астанасы Киевте өтеді. "Реал" мен "Ливерпуль" чемпиондық атаққа таласатын болады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай