10 маусым 2014 17:46

Евгений Яровенко "Тараз" клубына бас бапкер болып бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото footboom.com сайтынан Фото footboom.com сайтынан

Бүгін түстен кейін "Тараз" футбол клубының базасында Евгений Яровенко ресми түрде бас бапкер болып бекітілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін түстен кейін "Тараз" футбол клубының базасында Евгений Яровенко ресми түрде бас бапкер болып бекітілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Футболдан Қазақстаннан шыққан жалғыз Олимпиада чемпионының Украинадан туған еліне қайта оралатындығы осыдан біраз уақыт бұрын мәлім болған. Ал "Тараз" клубының бас бапкері болатындығы осыдан бірер күн бұрын белгілі болды. Бүгін ресми түрде бекітіліп, бір жарым жылдық келісімшартқа қол қойылғандығы жарияланды.

Негізі, Яровенко – Тараз тумасы. 1962 жылы 17 тамызда Жамбыл облысы Қаратау қаласында дүниеге келген. Футболшы ретінде карьерасын "Химик" (Жамбыл) клубынан бастап, "Қайраттың" қазанында қайнап, Украинаның "Днепріне" кеткен. Бірнеше жыл Украина клубтарында ойнады. Ресей, Финляндия және Түркия клубтарында да доп тепті.

Бапкерлік карьерасын Украинадан бастап, біраз клубта еңбек етті. 2007 жылы тарихи Отанына келіп, "Есіл-Богатырь" клубына бас бапкер болды. 2008 жылы Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырды.

Содан соң қайтадан "Днепрдің" жаттықтырушылары құрамына шақыртылып, 2011-2013 жылдары "Нефтяник" (Ахтырка) клубында бас бапкер болды. Енді міне, қайтадан туған топырағы Таразға оралып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети