24 қазан 2017 11:25

ФИФА 2017 жылдың үздік футболшысын анықтады: Бородюк пен Исламхан кімге дауыс берді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.kz © vesti.kz

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың бас бапкері мен команда капитандарының 2017 жылдың ең үздік футболшыны анықтауда кімдерге дауыс бергенін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың бас бапкері мен команда капитандарының 2017 жылдың ең үздік футболшыны анықтауда кімдерге дауыс бергенін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

The Best премиясының салтанатты рәсімі лондондық "Палладиум" театрында өтті. Ең үздік футболшы болып "Реал" клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду. Бұл таласта ол "Барселона" клубының сұрмергені Лионель Мессиді және француздық "ПСЖ" клубына жаңадан ауысқан бразилиялық Неймарды басып озды. 

Қазақстанның атынан дауыс беруге Александр Бородюк және Бауыржан Исламхан қатысты. Қазақстан құрамасының бас бапкері 2017 жылдың ең үздік футболшысы деп Мессиді таңдаған. Екінші орынға ол Роналдуды қойды, ал үшінші орынға "Реал" жартылай қорғаушысы Тони Кросты таңдады. 

Исламханның таңдауы мынадай: Месси (1), Роналду (2) және Андрес Иньеста (3).

Сонымен қатар Бородюк пен Исламхан 2016 жылы ең үздік бапкерді таңдауға да ат салысты. Француз маман Зинедин Зидан үздік атанды. Ол басқарған кезеңде "Реал" Испания чемпионатын, Чемпиондар лигасын, УЕФА суперкубогін және Испания суперкубогін ұтып алды. 

Бородюк үздік бапкер ретінде былайша дауыс берді: Карло Анчелотти (1), Зинедин Зидан (2), Йохим Лев (3)

Исламхан үздік бапкер ретінде мыналарды қойды: Зинедин Зидан (1), "Хосепу Хвардиола (2) және Антонио Конте (3).

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети