Футболдан 17 жасқа дейінгі (WU-17) Қазақстанның әйелдер құрамасы қарсыластарын екі реті ірі есеппен жеңіп, бір рет тең түсіп "Үміт" халықаралық турнирінің кубок иегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футболдан 17 жасқа дейінгі (WU-17) Қазақстанның әйелдер құрамасы қарсыластарын екі реті ірі есеппен жеңіп, бір рет тең түсіп "Үміт" халықаралық турнирінің кубок иегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнир шілденің 16-22 аралығында Қырғызстан астанасы - Бішкек қаласында өтті. Бірінші ойында бұрымдыларымыз Өзбекстан құрамасының қыздарымен кездесіп, 1:1 есебіимен тең түсті. Бұл ойында Лейла Садықова қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді.
Екінші ойында қыздарымыз алаң иелерімен кездесті. Қазақстандық футболшылардың салған бес голына көрші елдің аяқ доп шеберлері тек бір ғана голмен жауап қайтарды. Бұл кездесуде Александра Бурова, Эльдана Айтимбетова, Сабина Махаматова, Жансая Көпжанова және Алена Ивановалар көзге түсті.
Ақтық сында қыздарымыз Тәжікстан құрамасына жауапсыз төрт гол салды. Эльдана Айтимбетова (дубль), Александра Бурова және Дильназ Жакишевалар қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді.
Құрама сапында өнер көрсететін Гүлім Кенжетайдың айтуынша, жарыс тартысқа толы болған.
"11 жасымнан бастап футболмен кәсіби тұрғыда айналысып келемін. Қырғызстанда өткен жарыс тамаша өтті. Өзбекстан құрамасын да жеңуге мүмкіндік болды. Осыған дейін Грузияда өткен халықаралық жарысқа қатыстым", - дейді 15 жастағы қорғаушы Гүлім Кенжетай.
Гүлім Кенжетай
Турнир соңында қазақстандық футболшы қыздарды жекелей марапатқа ие болды. Үздік қорғаушы - Александра Бурова; Үздік шабуылшы - Эльдана Айтимбетова (3 гол).
Айта кетейік,17 жасқа дейінгі қазақстандық футболшы қыздардыДәуренбекова Орынбасар Амангелдіқызы жаттықтырады.
Суреттер instagram.com/_ffkr/ парақшасынан