07 маусым 2015 17:30

Футболдан ӘЧ-2010 ОАР-да емес, Мароккода өтуі керек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©etoday.ru ©etoday.ru

Футболдан 2010 жылғы әлем чемпионаты Мароккода өтуі керек болған, - деп хабарлайды РИА Новости ФИФА-ның бұрынғы шенеунігі Исмаил Бхамджиге сілтеме жасап.


Футболдан 2010 жылғы әлем чемпионаты Мароккода өтуі керек болған, - деп хабарлайды РИА Новости ФИФА-ның бұрынғы шенеунігі Исмаил Бхамджиге сілтеме жасап.

Бхамджидің айтуынша, дауыс беру рәсімінде Марокко берген өтініш жеңімпаз болған, бірақ қорытындысында турнирді өткізуге құқық Оңтүстік Африка республикасына берілді. 

Ал осыған дейін Солтүстік және Орталық Америка және Кариб бассейнінің бұрынғы бас хатшысы, ФИФА атқару комитетінің бұрынғы мүшесі Чак Блейзер ФИФА шенеуніктерінің Франция мен ОАР-ға 1998 және 2010 жылдары футболдан әлем чемпионатын өткізуге дауыс беру үшін пара алғанын мәлімдеген болатын.  

27 мамырда ФИФА-ның жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірқатары Цюрихте қамауға алынды делінген хабар тарады. Олар пара алу бойынша айыпталып отыр. Айыптаушылар ФИФА-да соңғы екі онжылдықта болған әлем чемпионаттарындағы, меркетинг және тарату келісімдері кезіндегі кеңкөлемді сыбайлас жемқорлықтың болғанын айтты. Бұл айыптауларға алаяқтық, бопсалау және қаражат жымқыру қосылып отыр. Шенеуніктер Цюрихте ұйым президентінің 29 мамырда өтетін сайлауына жиналған еді. 

Еске салайық, осыған дейін Швейцар Йозеф Блаттер бесінші мерзімге қайта сайланғаннан кейін төрт күн өткенде Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) президенті қызметінен кеткендігі жайлы мәлімдеген болатын. Бұл туралы Блаттер 2 маусымда өткен шұғыл баспасөз мәслихатында жариялады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети