19 маусым 2014 09:47

Футболдан әлем чемпионатында Испанияның жолы болмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Испания құрамасы Чили командасынан жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап.


Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Испания құрамасы Чили командасынан жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап.

Рио-де-Жанейроның "Маракана" стадионында өткен ойын 2:0 есебімен чилиліктердің пайдасына шешілді. Ойынның 20-минутында Эдуардо Варгас есеп ашты. Бірінші таймның соңында Карлес Арангис есепті еселеді.

Сонымен Испания әлемдік футбол додасының топтық кезеңіндегі екінші кездесуін де жеңіліспен аяқтады. Осылайша, әлем чемпиондары додадан тыс қалды. Ал Чили құрамасы екінші жеңісін тойлады. Олар плей-офф турниріне жолдама алды.

ӘЧ-2014 12 маусымда басталып 13 шілдеде мәресіне жетеді. Теңбіл доп додасының финалдық бөлігіне 32 ұлттық құрама қатысуда. Қазақстандық жанкүйерлер үшін әлемдік доп додасы KazSport, "Қазақстан" және "Еуразия" Бірінші арнасы арқылы көрсетіледі.

ӘЧ-2014 жеңімпазы 35 миллион долларды қанжығасына байлайтын болады. Екінші орын үшін сыйақы мөлшері - 25, үшінші орынға - 22 миллион доллар. Доданың фавориттері Бразилия (бұған дейін 5 рет жеңген), Италия (төрт рет), Германия (үш рет), Аргентина (екі рет).

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети