10 маусым 2015 09:09

Футболдан әртістер арасындағы әлем чемпионатында қазақ жұлдыздары өнер көрсетіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

 © instagram.com © instagram.com

Әртістер мен музыканттар арасында өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орынға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Шара 8 маусымда Мәскеу қаласында басталды.


Әртістер мен музыканттар арасында өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орынға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Шара 8 маусымда Мәскеу қаласында басталды.

9 маусым күні Mysterions, "Музарт", "Арай", "Нұр-Мұқасан" топтары мүшелері мен басқа да әншілерден құралған қазақстандық команда Оңтүстік Корея құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Қазбек Әлқожав, Амангелді Меңдібаев және Батыр Байназаров гол авторлары атанды.

Айта кетейік, ойын барысында Қазақстан құрамасының қақпасына айып добы екі рет соғылды. Оңтүстік Корея ойыншылары оның біреуінде ғана гол соға алды.

Ал Қырғызстан командасымен болған матч 2:2, яғни тең есеппен аяқталды.

Әртістер арасындағы футболдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Германия, Қырғызстан және Оңтүстік Корея командаларымен бірге В тобында өнер көрсетіп жатыр. Қазақ эстрадасының жұлдыздары 11 маусымда Германия командасымен кездеседі. Матчты "Жетінші арна" мен "Қазспорт" тікелей эфирде көрсетеді.

 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстандық жұлдыздар әлем чемпионатына екінші рет қатысып отыр. 2014 жылы олар тоғызыншы орын алды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети