11 ақпан 2014 15:01

Футболдан бірінші лига құрамы бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет pfl.kz сайтынан Сурет pfl.kz сайтынан

Дүйсенбі күні Астанада Қазақстан футбол федерациясының Төтенше комитеті биылғы маусымда бірінші лигада додаға түсетін командалар құрамы мен ойындар күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Биыл бірінші лигадағы командалардың саны бір ұжымға қысқарып, 15 болды. Атап айтқанда, алдағы маусымда ел чемпионатының бірінші лигасында мына командалар додаға түседі: "Восток" (Өскемен), "Ақжайық" (Орал), "Оқжетпес" (Көкшетау), "Қызылжар" СК (Петропавл), "Каспий" (Ақтау), "Астана-1964" (Астана), "Қыран" (Шымкент), "Жетісу-Сұңқар" (Талдықорған), "Гефест" (Қарағанды), "Екібастұз" (Екібастұз), "Болат»" АМТ (Теміртау), "Лашын" (Қаратау), "Бәйтерек" (Астана), "Мақтаарал" (ОҚО, Мақтаарал ауданы), ЦСКА (Алматы). Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, биыл ел біріншілігіне Алматы облысынан тек бір команда ғана қатысады. Ол – "Жетісу-Сұңқар". Ал былтыр бұл облыстан екі команда додаға түскен: "Іле-Сәулет" және "Сұңқар". Биыл "Сұңқар" премьер-лигадағы "Жетісу" клубының қанатының астына өткендей. Бірінші лига додасы әдеттегідей екі айналымдық жүйе бойынша өтеді. 6 сәуірде басталып, 8 қарашада мәресіне жетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети