23 маусым 2014 15:29

Футболдан ел чемпионатының әлем кубогынан несі кем?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pfl.kz сайтынан Фото pfl.kz сайтынан

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында он жетінші турдың ойындары Бразилиядағы әлем кубогы додасынан кем түскен жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Футболдан Қазақстан премьер-лигасында он жетінші турдың ойындары Бразилиядағы әлем кубогы додасынан кем түскен жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бразилиядағы әлем чемпионатында бір ойында ең көбі жеті гол соғылса (Франция – Швейцария – 5:2), Қазақстан біріншілігіндегі "Астана" мен "Ертіс" арасындағы матчта теңбіл доп қақпа торын сегіз рет бүлк еткізіп, одан да асып түстік.

Қазақстан біріншілігіндегі ХVІІ турда да АҚШ пен Португалия арасындағыдай таразы басы соңғы секундтарда теңестіріліп, ойын 2:2 есебімен аяқталды ("Қайсар" – "Ақтөбе" кездесуінде).

Қазақстан чемпионатының ХVІІ-турында да 11 метрлік айып соққысы (пенальти) аз болған жоқ...

Өз еліміздің додасында да бірінші өз қақпасына гол жіберіп алып, содан соң жеңісті жұлып әкеткен командалар бар...

Қазақ додасында да ел чемпионатының екінші бөлігінде үздік алтылықта додаға түсіп, жүлделі орындарды сарапқа салу үшін бірнеше команда соңғы екі "жолдамаға" таласып жатыр.

Нақтырақ айтқанда, алдағы бес турда 5-10 командалар үздік алтылыққа ілігу үшін бар күш-жігерлерін салып, қамшыны басулары керек.

Тізе берсек, өз додамыздың да осындай тартысты ойындары мен қызықты тұстары баршылық. Ең бастысы, Еурокубоктарда ел намысын қорғайтын клубтарымыз маусым барысындағы трансферлік кезеңде өз құрамдарын екшеп, нығайтып жатыр.

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. ХVІІ тур.

"Қайсар" (Қызылорда) – "Ақтөбе" – 2:2
Голдар: Землянухин, 14 (1:0). Зенькович, 50-пенальтиден (1:1). Пиззелли, 72 (1:2). Хунт, 90+2 (2:2).

"Қайрат" (Алматы) – "Тобыл" (Қостанай) – 3:1
Голдар: Плиев, 5 (1:0). Волков, 51 (1:1). Қуантаев, 76 (2:1). Исламхан, 89 (3:1).

"Астана" – "Ертіс" (Павлодар) – 5:3
Голдар: Кетевоама, 5 (1:0). Сисеро, 17 (2:0). Бакаев, 23 (2:1). Дудченко, 31 (2:2). Кояшевич, 32 (3:2). Тотай, 47 (3:3). Сисеро, 62 (4:3). Жолшиев, 90+1 (5:3).

"Ордабасы" (Шымкент) – "Шахтёр" (Қарағанды) – 2:1
Голдар: Порываев, 6 (0:1). Касьянов, 53 (1:1). Нұрғалиев, 58 (2:1).
28 минутта Нұрғалиев (О) пенальти соға алмады.

"Атырау" – "Тараз" – 3:0
Голдар: Трифунович, 12-пенальтиден. Трифунович, 37. Одибе, 45.
90 минутта Яровенко (Т) пенальти соға алмады.

"Жетісу" (Талдықорған) – "Спартак" (Семей) – 1:0
Гол: Шафф, 16.

Қазақстан премьер-лигасындағы ХVІІ-турдан кейінгі жағдай:

1. "Ақтөбе" – 35 ұпай
2. "Қайрат" – 30
3. "Астана" – 30
4. "Шахтер" – 29
5. "Қайсар" – 27
6. "Ордабасы" – 25
7. "Атырау" – 24
8. "Ертіс" – 21
9. "Тобыл" – 21
10. "Жетісу" – 19
11. "Тараз" – 14
12. "Спартак" – 6

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети