26 сәуір 2014 17:46

Футболдан Еуро - 2020 додасын өткізуге 19 қала өтініш білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото sports.kz сайтынан алынды Фото sports.kz сайтынан алынды

Еуро - 2020 футболдан Еуропа чемпионатын өткізуге әлемнің әр елінен 19 қала өтініш білдірді, деп хабарлайды РИА Новости УЕФА-ның сайтына сілтеме жасап.


Еуро - 2020 футболдан Еуропа чемпионатын өткізуге әлемнің әр елінен 19 қала өтініш білдірді, деп хабарлайды РИА Новости УЕФА-ның сайтына сілтеме жасап.

Үміткер қалалар қатарына Баку (Әзірбайжан), Минск (Беларусь), Брюссель (Бельгия), София (Болгария), Копенгаген (Дания), Лондон (Англия), Скопье (Македония), Мюнхен (Германия), Будапешт (Венгрия), Иерусалим (Израиль), Рим (Италия), Амстердам (Нидерланд), Дублин (Ирландия), Бухарест (Румыния), Санкт-Петербург (Ресей), Глазго (Шотландия), Бильбао (Испания), Стокгольм (Швеция) мен Кардифф (Уэльс) кіріп отыр. Ал ойынның ең қызықты сәті, яки ойынның жартылай финалы мен финалын өткізуге тек Англия ("Уэмбли" стадионы) мен Германия ("Альянц Арена" стадионы) өтініш білдірген екен. УЕФА әкімшілігі келіп түскен өтініштерді қарап, атқарушы комитет алдында есебін беретін болады.

Еуро - 2020 додасын өткізуге құқы бар 13 қаланың нақты тізімі Женевада қыркүйектің 19-ы күні өтетін УЕФА атқарушы комитетінің отырысында жарияланатын болады. Бастапқыда 2020 жылғы доданы өздерінде өткізуге әлемнің 32 елінен 39 қала өтініш білдірген екен. Бұған дейін хабарланғанындай Грузия елі футболдан 2020 Еуропа чемпионатын өткізуге өтінішті Әзірбайжанмен бірігіп беруді жоспарлап отырғандығы айтылған еді. Еске саламыз, Әзірбайжан бұған дейін Еуро - 2012 жылы да әлемдік доданы өздерінде өткізуге өтініш берген, алайда тартысты дода өтетін қалалардың тізіміне енбей қалған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети