12 тамыз 2014 15:34

Футболдан Қазақстан құрамасы Тәжікстаннан басым түседі - букмекерлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚФФ ©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы бүгін, 12 тамыз күні Тәжікстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Футболдан Қазақстан құрамасы бүгін, 12 тамыз күні Тәжікстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі құрама арасындағы жолдастық кездесу Алматының Орталық стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 19.30-да басталады. Бұған дейін Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары өзара үш кездесу өткізіп, екеуінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, бір кездесу тең аяқталды.

Қазақстан құрамасының бұл ойынын тікелей эфирде ҚФФ-ТВ-дан көре аласыздар. Bet365 букмекерлік кеңсесінің мәліметі бойынша матчтың анық фовариті Қазақсатн құрамасы. Біздің құраманың жеңісіне бұл кеңсе 1.62 коэффициент берсе, Тәжікстанның жеңісіне 4.50 ұсынып отыр. Ал ойын тең аяқталады дегенге 3.60 коэффициент. Айта кетейік, бұл ойынды футболдан Қазақстан құрамасы қыркүйек айында басталатын Еуро-2016 додасының іріктеу кезеңіне дайындығын пысықтау үшін өткізеді. 

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы мачты "Қазақстан" ұлттық арнасы мен KazSport арналарынан көре аласыздар. Бірақ ойын тікелей эфирде емес, жазба түрінде көрсетеді. Негізі бұған дейін KazSport жолдастық кездесуді тікелей эфирде көрсетуді жоспарлаған болатын. Дегенмен дәл осы уақытта хоккейден ҚР Президенті Кубогының финалдық кездесуі де өтетіндіктен, жолдастық кездесу эфирге кейінірек шығады. Президент Кубогының финалдық кездесуінде елордалық "Барыс" пен омскілік "Авангард" ойнайды.  

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети