16 қараша 2014 14:12

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін түнде Түркиямен кездеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото uefa.com сайтынан Фото uefa.com сайтынан

 Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Стамбулда Түркия құрамасымен кездесіп, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы төртінші ойынын өткізеді, деп жазады Tengrinews.kz.


 Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Стамбулда Түркия құрамасымен кездесіп, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы төртінші ойынын өткізеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бір қызығы, Түркия құрамасының бас бапкері Фатих Терим көпшілікті қайран қалдырып, негізгі құрамда алаңға шығатын 11 футболшысының есімін кеше жариялап қойды. Олар: Волкан Демирель ("Фенербахче"), Гекхан Генюл ("Фенербахче"), Сердар Азиз ("Бурсаспор"), Семих Кайя ("Галатасарай"), Джанер Эркин ("Фенербахче"), Сельчук Инан ("Галатасарай"), Озан Туфан ("Бурсаспор"), Волкан Шен ("Бурсапор"), Арда Туран ("Атлетико", Испания), Олджай Адын ("Бешикташ"), Бурак Йылмаз ("Галатасарай").

"Бізде жарақаттанып қалған ешкім жоқ, футболшылардың бәрі дайын. Біз жолдастық кездесуде Бразилия құрамасынан 0:4 есебімен ұтылған соң, барлық өкініштен арылдық. Кешегі жатығу кезінде маған ойыншылардың әзірліктері ұнады. Бізге үш ұпай ауадай қажет. Чехия, Исландия және Латвия құрамаларымен өткізген ойындарымыз көңілге қонбайды. Мен Түркия құрамсының көптен күткен жеңіске қол жеткізетіндігіне сенімдімін", - депті Фатих Терим.

Өз кезегінде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан да қарамағындағы футболшыларды "жеңілмейміз" деп, жігерлендіріп отырған сыңайлы. "Біз де Түркия құрамасы сияқты үш ойыннан бір ұпай еншіледік. Екеуара кездесуде екі құраманың бірі ұпай еншілері анық. Әрине, Түркия құрамасы фаворит болып саналады. Бірақ біз алдын-ала жеңіліске мойынсұнып отырған жоқпыз, бізде жеңіске жетуге тырысамыз", - деп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Түркия және Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы ресми матч бүгін түнде, Астана уақытымен 01:45-те Стамбулдағы "Али Сами Йен" стадионында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети