20 маусым 2014 16:25

Футболшы қыздарымыз Алматыда екі рет ұтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ffk.kz сайтынан Фото ffk.kz сайтынан

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қыздары 2015 жылы Канадада өтетін әйелдер арасындағы әлем кубогының електік додасы аясында екі кездесу өткізіп, екеуінде де ұтылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қыздары 2015 жылы Канадада өтетін әйелдер арасындағы әлем кубогының електік додасы аясында екі кездесу өткізіп, екеуінде де ұтылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан қыздары 2015 жылы Канадада өтетін әйелдер арасындағы әлем кубогының електік додасында Еуропаның 7-тобына түскен болатын.

Осы топтағы кезекті екі кездесуін Алматыда өткізген қыздарымыз екі ойында да жеңіліске ұшырады. Әуелі Венгрия қыздарын қабылдап, тартысты өткен матчта 1:2 есебімен жеңіліске ұшырады. Біздің құраманың сапынан жалғыз голды Бегайым Қырғызбаева соқты.

Бес күннен кейін Алатау бөктерінде Австрия аруларымен кездескен қыздарымыз тағы да жеңілістің кермек дәмін татты. Деңгейі жоғары Австрия құрамасы еш мүмкіндік бермеді. Біздің қыздарымыз қанша тырысса да, қарқындары жоғары қонақтар құйындай орап соқты. Есеп – 0:3.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, Болгария маманы Калоян Петков қыздарымызға әлі де халықаралық тәжірибенің жетіспейтіндігін, көбінесе қателесіп, соның кесірінен өз қақпамызға гол жіберіп алып жүргендерін баса айтты.

Айтпақшы, осы матчта Қазақстан ұлттық құрамасының ең тәжірибелі ойыншысы Наталья Иванова халықаралық деңгейдегі карьерасын аяқтайтындығын мәлімдеп, құрама сапында соңғы ойынын өткізді.

Ұлттық құрама сапында 19 жыл доп тепкен Натальяға Қазақстан футбол федерациясы алғыс білдірді. ҚФФ вице-президенті Сейілдә Байшақов Ивановаға көпшілік алдында оған табыс тілеп, естелік кубок және үлкен гүл шоғын сыйлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети