16 ақпан 2016 23:22

Футболшы ойын кезінде қызыл қағаз көрсеткен төрешіні атып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dailymail.co.uk © dailymail.co.uk

Аргентинаның Кордова қаласында өңірлік Лиганың клубтарының арасындағы футбол матчы қайғылы оқиғамен аяқталды. Аты-жөні аталмаған 25 жастағы футболшы ойын кезінде қызыл қағаз көрсеткен бас арбитрды тапаншамен атып өлтірген. Бұл туралы Daily Mail газеті жазады.

Зардап шеккен 48 жастағы төреші Сезар Флорестің басына, кеудесіне және мойнына оқ тиген. Ер адам алған жарақатынан қаза тапты. Футболшы алаңнан қуылғаннан кейін қарсыластар командасының ойыншысы Вальтер Саратені жаралаған. Спортшы ауруханаға жеткізілді. 

Қазіргі уақытта қылмыскер қашып жүр. Оны полиция іздестіріп жатыр. 

Айта кетейік, Оңтүстік Америкада футбол кезінде осындай жағдайлар жиі болады екен. Ең ірі үлкен дау 1994 жылы болған еді. Сол кезде колумбиялық қорғаушы Андрес Эскобар өлтірілген болатын. Ашуға булыққан жанкүйер оны АҚШ-қа қарсы ойында өз қақпасына гол соғып алғаннан кейін атып тастаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети