Танымал қазақстандық футболшы, "Ақтөбе" ФК бас директоры Самат Смақовтың жары төртінші баласын дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарасымды жұптың отбасында ер бала дүниеге келді.

"Жаратқанға ұл сыйлағаны үшін алғысым шексіз. Менің өмірім, менің махаббатым, сенің алдыңда бас иемін! Сүйемін, сыйлаймын, бағалаймын!", - деп жазды футболшы Instagram желісіндегі парақшасында.
Олар екі бала бір қызды тәрбиелеп отырған.
Айта кетейік, "Ақтөбе" клубының бас директоры қызметіне Смақов 2018 жылдың басында кіріскен еді.