28 ақпан 2014 18:15

Футболшылар кәсіподағы мен Кәсіпқой футбол лигасы меморандумға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

М.Гурман және Ә.Сабырәлиева. Фото: ffk.kz М.Гурман және Ә.Сабырәлиева. Фото: ffk.kz

Бүгін Астанада Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мен футболшылар кәсіподағы ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Елордада ҚР Кәсіпқой футбол лигасы мен футболшылар кәсіподағы ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Қол қою рәсіміне Кәсіпқой футбол лигасы төрағасы Михаил Гурман, оның орынбасары Едіген Юмашев және футболшылар кәсіподағының төрайымы Әйгерім Сабырәлиева, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Максим Жалмағамбетов қатысты. ҚР Кәсіпқой футбол лигасы үшін Қазақстан футболшылары мен бапкерлері кәсіподағымен мәмілеге келу – өзекті мәселеге айналған заман талабы. Өйткені күнделікті өмірдегідей, футболшылар мен бапкерлер де заңнамаларды толық білмегендіктен әртүрлі қиындықтарға тап болып жатады. Сондықтан футболшылар кәсіподағын құру өмірдің өзі туындатып отырған қажеттілік екендігін, айтпасақ та түсінікті болар. Мұндай үрдіс шет елдердің басым көпшілігінде бар. – Бірінші кезекте Кәсіпқой футбол лигасымен келісімге қол қойып отырмыз. Себебі бізге футболшылармен тікелей байланыста болу қажет. Енді, ең әуелі ұйымымызды бекітіп, оның беделін өсіруіміз керек. Өйткені біз футболшылардың мүддесін қорғаймыз. Әр жылда әртүрлі маңызды мәселелерді көтеріп отырмақпыз. Мысалы, биыл клубтардың заңды тұлғалы құқықтық нысандарына көңіл бөлуді жоспарлап отырмыз. Себебі Қазақстан клубтары бұл ретте әр түрлі болып тіркелген: мемлекеттік кәсіпорын, қоғамдық ұйым, ЖШС және т.б. Клуб өкілдерімен кездесіп, ақылдасамыз және шетелдік озық тәжірибелерді өзімізге сіңіретін боламыз, – дейді футболшылар кәсіподағының төрайымы Әйгерім Сабырәлиева. Сонымен қатар ол Максим Жалмағамбетов, Давид Лория, Андрей Карпович және басқа да танымал ойыншыларымыздың футболшылар кәсіподағының негізін қалайтындығын да атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети