28 қыркүйек 2015 09:37

"Галатасарай" директоры "Астана" командасымен кездесуден не күтетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gundemkibris.com © gundemkibris.com

"Галатасарай" директоры "Астана" командасымен кездесуден не күтетіні жайында айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Fanatik басылымына сілтеме жасап.


"Галатасарай" директоры "Астана" командасымен кездесуден не күтетіні жайында айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Fanatik басылымына сілтеме жасап.

Шенук Эргунның айтуынша, оның командасына Қазақстан астанасында өтетін кездесу оңайға соқпайды.

"Бізді 30 қыркүйекте Астанада күрделі матч күтіп тұр. Бірінші ойында "Атлетикодан" жеңіліп, жағдайды қиындатып алдық. Топтағы үшінші орын бізді қанағаттандырмайды. Біз Еуропа Лигасында ойнау үшін чемпион болған жоқпыз. Бізді Чемпиондар лигасының плей-оффына шығу ғана қызықтырады - соған ұмтылуға тиіспіз. Бәстесе аламын, топтағы екінші орынды "Бенфико" немесе "Галатасарай" иеленеді. Көпшілік аутсайдерлер қатарына кіргізіп үлгерген қазақстандық командаға қарсы ойнау ешкім үшін де оңай болмайды", - деді ол.

"Астана" топтан шығу үшін күреседі деп ойламаймын. Алайда, бізді қиын сапар күтіп тұр. Бірінші ұпайларды біз аламыз деп үміттенемін", - деп ойымен бөлісті Эргун.

Еске сала кетейік, "Астана" 30 қыркүйекте өз алаңында "Галатасарайды" қабылдайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети