Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

"Галатасарайдың" бір қақпашысының құны "Астана" құрамынан қымбат болып шықты

25 Қыркүйек 2015, 12:14
0
© Sportlead.com.ng
© Sportlead.com.ng

"Галатасарайдың" бір қақпашысының құны "Астана" құрамынан қымбат болып шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Тransfermarkt.de сайтының мәліметінше, стамбулдық команда 123,25 миллион евроға бағаланып отыр. "Галатасарай" құрамындағы ең қымбат ойыншы - уругвайлық Фернандо Муслера. Оның құны - 17 миллион евро. Екінші орында голландиялық 31 жастағы футболшы Уэсли Снейдер тұр. Жартылай қорғаушының трансферлік құны 15 миллион евроға тең. Ал тізімде үшінші болып түркиялық спортшы Бурак Йылмаз тұр. Егер бұл ойыншыны сатып алғыңыз келсе, 12 миллион евро төлеуге тура келеді.

Ал қазақстандық клубтың құнына келсек, "Астана" клубы 14,5 миллион евроға бағаланды. Бұл "Галатасарайдың" құнынан он еседей төмен. Елорда клубындағы ең қымбат ойыншылар Фокси Кетевоама және Неманья Максимович болып отыр. Олардың трансферлік құны екі миллион евро шамасында. Қымбат ойыншылардың бестігіне Денис Дедечко (1,2 миллион евро), Жуниор Кабананга (1 миллион евро) және Рохер Каньяс (800 тысяч евро) кіріп отыр.

Еске сала кетейік, "Астана" 30 қыркүйекте өз алаңында "Галатасарайды" қабылдайды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай