09 шілде 2014 14:41

Германия - Бразилия матчы кезінде Twitter-де рекорд орнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан әлем чемпионатының жартылай финалындағы Бразилия мен Германия құрамалары арасындағы кездесу кезінде Twitter-ге 35,6 млн хабарлама жазылды, - деп хабарлайды РИА Новости әлеуметтік желінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Футболдан әлем чемпионатының жартылай финалындағы Бразилия мен Германия құрамалары арасындағы кездесу кезінде Twitter-ге 35,6 млн хабарлама жазылды, - деп хабарлайды РИА Новости әлеуметтік желінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Twitter тұтынушыларының матчқа байланысты хабарламаларының саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Бұған дейін чемпионаттың 1/8 финалындағы Бразилия - Чили кездесуі кезінде рекорд жасалған болатын - 16,4 млн хабарлама. 

2014 жылғы әлем чемпионатының ең айтулы тұлғасы Бразилия құрамасының қақпашысы Жулио Сезар мен Германия шабуылшысы Мирослав Клозе болды. Клозе әлем біріншіліктерінің финалдық кезеңіндегі голдарының санымен Роналдоның рекордын жаңартты. Немістер бразилиялықтар қақпасына төртінші голды салған кезде әлеуметтік желідегі белсенділік шарықтау шыңына жеткен. 

Еске салайық, Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалында Германия құрамасы жергілікті ұлттық команданы 7:1 есебімен күйрете жеңді. Алғашқы бес голды немістер бірінші таймда соқты. Гол авторлары: Томас Мюллер (11-минут), Мирослав Клозе (23-минут), Тони Кроос (24 және 26-минут) және Сами Хедира (29-минут). Екінші таймда пентакампиондар қақпасына Андре Шюррле екі гол (69 және 79-минут) салды. Матч аяқталар кезде ғана Бразилия ойыншысы қарсыластар қақпасына бір доп өткізе алды. Көпшілік зор үміт артқан Бразилия құрамасының ойсырай жеңілуі Интернетте әжуаға айналды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети