07 тамыз 2014 12:32

"Хайдук" жанкүйерлері "Шахтер" ойыншыларына ұйқы бермеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Хорватиялық "Хайдук" клубының белсенді жанкүйерлері Еуропа лигасының үшінші айналымындағы қарымта матч алдында қарағандылық "Шахтер" ФК ойыншыларына ұйқы бермеді, - деп хабарлайды  Vesti.kz.


Хорватиялық "Хайдук" клубының белсенді жанкүйерлері Еуропа лигасының үшінші айналымындағы қарымта матч алдында қарағандылық "Шахтер" ФК ойыншыларына ұйқы бермеді, - деп хабарлайды  Vesti.kz.

50-ге жуық жанкүйер Сплит қаласында "Шахтер" ойыншылары тоқтаған қонақүйдің алдына жиналған. Жанкүйерлер шулап, айқайлап, кейіннен өз командаларының әнұранын айтқан. Бұған көліктердің дыбысы қосылып, петардтар жарылған. Қонақ үй клиенттерінің шағымына қарамастан айғай-шу түннің ортасына дейін жалғасты. Қоғамдық тәртіптің бұзылғанына полиция қызметкерлері де назар аудармаған. Айта кетейік, хорват жанкүйерлері мұндай "рұқсат етілмеген әдістерді" өз командаларының матчы алдында жиі қолданады.

Еске салайық, "Шахтер" ФК Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчты "Хайдукқа" қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен 23.30-да басталады. Бұл матчты қазақстандық телеарналар көрсетпейді. Қос команда арасындағы Қарағандыда өткен бірінші ойында "Шахтер" 4:2 есебімен жеңіске жеткен. Алаң иелері сапынан нәтижелі соққымен Михрет Топчагич, Андрей Финонченко, Алдин Джидич және Тоқтар Жаңғылышбай түссе, қонақтардың сапынан Сандро Готаля мен Мийо Цакташ бір-бір голдан соқты. 

   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети