Швециялық футболшы Златан Ибрагимович MLS "Лос-Анджелес Гэлакси" клубымен келісімшарты аяқталғаннан кейін америкалық команданың жанкүйерлеріне бейсбол тамашалауға қайтып оралуға кеңес берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ибрагимович 2018 жылдан бері "Гэлакси" клубында ойнады. 38 жастағы футболшының келісімшарты биыл жыл соңына дейін есептелген. Бейсенбіде "Лос-Анджелес" клубы ресми сайтында Ибрагимовичпен екіжақты келісім бойынша келісімшартты бұзғанын жариялады.
"Келдім, көрдім, жеңдім. "Гэлакси" рақмет, өзімді қайтадан тірі адам ретінде сезінуге себепкер болдыңыздар. Жанкүйерлер, сіздер Златанды сұрадыңыздар, мен сіздерге оны бердім. Міне. Тарих жалғаса береді, ал еді бейсбол көруге қайтып оралыңыздар", - деді Ибрагимович Twitter желісіндегі парақшасында.