Ибрагимович "Гэлакси" жанкүйерлеріне: Енді бейсбол көруге оралсаңыздар болады

14 Қараша, 10:11
0
Ибрагимович "Гэлакси" жанкүйерлеріне: Енді бейсбол көруге оралсаңыздар болады -

Швециялық футболшы Златан Ибрагимович MLS "Лос-Анджелес Гэлакси" клубымен келісімшарты аяқталғаннан кейін америкалық команданың жанкүйерлеріне бейсбол тамашалауға қайтып оралуға кеңес берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ибрагимович 2018 жылдан бері "Гэлакси" клубында ойнады. 38 жастағы футболшының келісімшарты биыл жыл соңына дейін есептелген. Бейсенбіде "Лос-Анджелес" клубы ресми сайтында Ибрагимовичпен екіжақты келісім бойынша келісімшартты бұзғанын жариялады. 

"Келдім, көрдім, жеңдім. "Гэлакси" рақмет, өзімді қайтадан тірі адам ретінде сезінуге себепкер болдыңыздар. Жанкүйерлер, сіздер Златанды сұрадыңыздар, мен сіздерге оны бердім. Міне. Тарих жалғаса береді, ал еді бейсбол көруге қайтып оралыңыздар", - деді Ибрагимович Twitter желісіндегі парақшасында. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай