24 маусым 2014 14:45

Испания футболшылары Елбасы кубогына қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Қазақстан футбол федерациясынан алынды Фото Қазақстан футбол федерациясынан алынды

Ертең футболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында VII халықаралық "Қазақстан Президенті кубогы" додасы басталады. Дәстүрлі додаға алғаш рет Испания жасөспірімдер құрамасы қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ертең футболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында VII халықаралық "Қазақстан Президенті кубогы" додасы басталады. Дәстүрлі додаға алғаш рет Испания жасөспірімдер құрамасы қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

25-29 маусым аралығында елордадағы "Астана-Арена" стадионында жетінші рет 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында "ҚР Президенті кубогы" өтеді. Қазақстан футбол федерациясының шақыртуымен бұл додаға бірінше рет Испания U-17 құрамасы қатысады.

Дәстүрлі додада биыл алты елдің жас таланттары бақ сынайды. Олар екі топқа бөлінген:

"А" тобы: Қазақстан, Грузия, Қырғызстан;
"В" тобы: Испания, Әзірбайжан, Тәжікстан.

Ойындар күнтізбесі:

25 маусым, сәрсенбі

12:00   Әзірбайжан – Тәжікстан
18:30   Ресми ашылу салтанаты
19:00   Қазақстан – Қырғызстан

26 маусым, бейсенбі

16:00   Грузия – Қырғызстан
19:00   Тәжікстан – Испания

27 маусым, жұма

16:00   Испания – Әзірбайжан
19:00   Қазақстан – Грузия

28 маусым, сенбі – демалыс күн
29 маусым, жексенбі – ақтық ойындар

12:00 5-6 орындар сарапқа салынады
14:00 3-4 орындар сарапқа салынады
19:00 Финал.

Осы ретте айта кетейік, өз тобында соңғы орынға табан тірегендер 5-орын үшін, ал екінші орынға ие болғандар 3-орын үшін додаға түседі. Екі топтың жеңімпазы финалда «ҚР Президенті кубогының» бас бәйгесі үшін дәстүрлі доданың көрігін қыздырып, нүктесін қояды.

Доп додасы аяқталған соң, әр шептегі үздік ойыншылар анықталады. Жүлдегерлер мен үздік ойыншыларды марапаттау финалдық матчтан соң іле-шала өткізіледі.

Ал жанкүйерлер үшін жағымды жаңалық, барлық ойындарға кіру – тегін!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети