25 маусым 2014 09:53

Испания футболшылары мінген ұшақ найзағайға тап болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатында сәтсіздікке ұшырап, еліне қайтып келе жатқан Испания футболшылары мінген ұшақ найзағайға ұрынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

Оқиға 24 маусым күні болған. ӘЧ-2014-тің топтық кезеңінде сәтсіз ойын көрсеткен Испания құрамасын еліне әкеле жатқан ұшақ Мадрид әуежайына қонуға бағыт алғанда найзағайға ұрынған. Әуе компаниясы пресс-атташесінің сөзіне қарағанда, абырой болғанда, найзағай ұшаққа да, жолаушыларға да зиян келтірмеген.

Vesti.kz-тің мәліметіне қарағанда, Испания құрамасын әуежайдан бірде-бір жанкүйер қарсы алмаған.

Естеріңізге сала кетсек, 2010 жылғы әлем чемпиондары ӘЧ-2014 ойындарында плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен мерзімінен бұрын айырылған еді. Олар алғашқы ойында Голландияға 1:5 есебімен есе жіберсе, одан кейін Чили құрамасынан 0:2 есебімен ұтылды. Топтық кезеңнің ешнәрсе шешпейтін соңғы ойынында Испания құрамасы Австралияны 3:0 есебімен жеңген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети