26 мамыр 2017 15:14

Испанияда "Реал" мен "Барселонаның" логотипі бар табыттар шығарыла бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© marca.com © marca.com

Испанияда жерлеу қызметін көрсетуші бюролардың бірі жаңа "Реал" мен "Барселонаның" логотипі бар табыттар шығарыла бастағанын жариялады", - деп хабарлайды Marca.


Испанияда жерлеу қызметін көрсетуші бюролардың бірі жаңа "Реал" мен "Барселонаның" логотипі бар табыттар шығарыла бастағанын жариялады", - деп хабарлайды Marca.

Мадридтік клубтың жанкүйерлеріне арналған табыт "Сантьяго Бернабеу" стадионының формасында жасалған. Ал каталониялық жанкүйерлер үшін жасалған табытта клубтың аты мен логотипі безендірілген.

Табыттардың қанша тұратыны айтылмаған.

"Реал" Испания-2016/17 чемпионатының жеңімпазы атанды, каталондықтар жарысты екінші болып аяқтап, күміс медальдарды иеленді. 3 маусымда Зинедин Зиданның командасы Чемпиондар лигасының финалында "Ювентус" командасымен кездеседі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети