Испаниялық клубтың ойыншысы алаңның ортасынан өз қақпасына гол соқты 31 шілде 2017, 14:31

"Эйбар" клубының қорғаушысы Хосе Анхель немістердің "Шальке" ойыншыларымен жолдастық кездесуде автогол салды. Осы сәттің видеосы YouTube желісіндегі BBC FOOTBALL каналында жарияланды.
Ойынның 67-ші минутында қорғаушы алаңның ортасында тұрып, қақпашыға пас бермекші болып артқа тепкен. Пас тым қатты болып, доп қақпашының үстінен өтіп, қақпаға дәл барған. Ойында жалғыз соғылған доп осы болды. Осылайша "Шальке" 1:0 есебімен жеңіске етті.