27 мамыр 2018 09:31

Италиялық футболшы сүйіктісін өлтіріп, артынша өзіне қол салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Италиялық "Туттокуойо" футбол клубындағы Д сериясындағы форвард Федерико Дзини өзінің бұрынғы сүйіктісін өлтіріп, артынша өзіне қол салды, деп хабарлады Vesti.kz.


Италиялық "Туттокуойо" футбол клубындағы Д сериясындағы форвард Федерико Дзини өзінің бұрынғы сүйіктісін өлтіріп, артынша өзіне қол салды, деп хабарлады Vesti.kz.

27 мамырда ойыншы 25 жасқа толуы тиіс еді. Туған күнін тойлау алдында ол бұрынғы сүйіктісі Элиза Аматоға барып, қайта қосылуға көндіруге тырысқан. 29 жастағы қыз бас тартып, аулада жанжал болған. Көршілер атылған оқтың дауысын естіп, полиция шақырды, бірақ олар келгенде Дзини қызды өлтіріп, денесін көлігіне салып алып, кетіп қалған, кейін ол өзін де атып тастады.

Олардың мәйіті Пиза маңында, көлік ішінен табылды.

Футболшы еңбек жолында Моңғолияда, Мальтада, Филиппинде және Болгарияда ойнады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети