Жас футболшыларымыз "Даму кубогында" үшінші

25 Сәуір 2014, 19:42
0
Сурет kff.kz сайтынан
Сурет kff.kz сайтынан

Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2014 жылғы "Даму кубогында" үшінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жасөспірімдер арасындағы биылғы "Даму кубогы" Литвада өткен болатын. Оған төрт елдің бозбалалары қатысты. Еліміздің жас өрендері әуелі Беларусь бозбалаларымен кездесіп, басында екі доп айырмасымен ұтып жатса да, ойынның негізгі уақытында 2:2 есебімен тең түсті. Ал пенальти тебу сериясында 2:4 есебімен есе жіберіп алды.

Одан кейін алаң иелері, яғни Литва U-17 құрамасынан 0:2 есебімен ұтылып қалды. Ал бүгін өте тартысты өткен матчта Латвия жеткіншектерін 2:1 есебімен ұтып, үшінші орынға ие болды.


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай