03 ақпан 2014 16:31

Жастарымыз Достастық кубогында – бесінші

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет com-cup.com сайтынан Сурет com-cup.com сайтынан

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ХХІІ "Достастық кубогы" додасы аяқталып, Қазақстан жастар құрамасы бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап. Бесінші орын үшін өткен соңғы ойында Қазақстан жастары Санкт-Петербуг құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Екі голды "Ордабасы" клубының жас шабуылшысы Максим Фильчаков, ал біреуін "Шахтердің" шабуылшысы Роман Мұртазаев соқты. Осы ретте айта кетейік, бұл Мұртазаевтың "Достастық кубогындағы" бесінші голы болатын. Қазақстан сұрмергені Ресей шабуылшысы Руслан Боловпен бірге мергендер тізімінде көш бастады. Бірақ Ресей футболшысы бес голдың екеуін пенальтиден соққан. Ендеше, нағыз мерген Мұртазаев деуге болады. Финалда Украина жастары екі жыл қатарынан осы кубоктың жеңімпазы атанған Ресей футболшыларын 4:0 есебімен күйрете жеңіп, кубокты иеленді. Ал үшінші орын үшін өткен матчта Беларусь құрамасы Эстония жастарын 2:0 есебімен ұтты. Естеріңізге сала кетейік, Литва маманы Саулюс Ширмялис жаттықтыратын жеткіншіктеріміз топтық кезеңде үш ойын өткізді. Әуелі Беларусь бозбалаларынан 1:4 есебімен оңбай ұтылып, одан соң Мәскеу құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Өкінішке қарай, Латвия жастарымен өткен соңғы матчта 0:0 есебімен тең түсті. Ширек финалда Ресей жастары құрамасынан 1:3 есебімен ұтылып қалып, жатылай финалға шыға алмады. Бірақ 5-8 орындар үшін өткен додада Латвия жастарымен қайта кездесіп, 3:1 есебімен басым түсті. Ал бесінші орын үшін өткен матчта алаң иелері Санкт-Петербуг құрамасын 3:0 есебімен тізе бүктіргендерін жоғарыда жаздық. Қорыта айта болсақ, Қазақстан жастар құрамасының әлеуеті 5-орыннан да жоғары еді. Кем дегенде жартылай финалда ойнаулары керек еді. Оған біріншіден, биыл да төрешілердің кесірі тиді. Мысалы, "С" тобындағы соңғы ойында біздің футболшылардың Латвия құрамасының қақпасына соққан таза голы есепке алынбады. Егер сол матчта біздің құрама жеңгенде, ширек финалда Ресей құрамасы емес, басқа командамен кездесер еді... Айтпақшы, Қазақстан футбол федерациясының деректеріне сенсек, сол Қазақстан – Латвия кездесуіндегі төрешіні Ресей футбол одағы турнирдің аяғына дейін қызметінен аластатыпты... Екіншіден, жастар құрамасының тізгінін қолына желтоқсан айында ғана алған Саулюс Ширмялис те жастарымыздың ойынын енді-енді жетілдіріп келе жатқандай. Өкінішке қарай, биылғы "Достастық кубогы" додасының басынды біздің құрама бес ұпай жоғалтып алды. Жалпы, Қазақстан жастары "Достастық кубогына" осымен үшінші рет қатысты. Ең бастысы, өгіз аяңмен болсын, алға жылжу бар: 2012 жыл – 7 орын, 2013 жыл – 6 орын, 2014 жыл – 5 орын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети