Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Жетінші турда гол "жауды" – алты ойында 26 гол

20 Сәуір 2014, 01:35
0
Фото fcirtysh.kz сайтынан алынды
Фото fcirtysh.kz сайтынан алынды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының жетінші туры өте нәтижелі өтіп, алты ойында 26 гол соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шынымен де, жетінші тур шектен тыс шиеленісті өтті. Алты ойында 26 гол соғылып, бес футболшы алаңнан қуылды. Биылғы маусымда бірінші рет хет-триктің куәсі болдық ("Астана" шабуылшысы Атанас Курдов үш гол соқты). Бұған екі футболшының дубль жасағандарын да қосуға болады.

Павлодарда екпінді "Ертіс" азулы "Астананы" қабылдаған. Алты тур бойы қақпасына бірде-бір гол жібермей, көш бастаған елордалықтар қақпасына "Ертіс" үш гол тоғытты. Бірақ жеңіске бұл да жеткіліксіз болып шықты. Павлодар клубы қорғанысының осалдау екендігін сездіріп алғандай...

Ал "Астана" алаң иелерінен бір гол артық соғып, ерке Ертіс бойынан да үш ұпай олжалап кетті. Бұл ойында үш голды елордалықтардың болгариялық шабуылшысы Атанас Курдов соқты. Матч өте тартысты өтіп, екі ойыншы алаңнан қуылып, бас төреші жеті рет ескерту жасады. "Ертістің" өзбекстандық сұрмергені Ұлықбек Бакаев екі гол соқты. Егер екінші таймда алаңнан аластатылмағанда "Астананың" болгариялық сұрмергенінен қалыспай, тағы гол соғар ма еді?..

"Шахтер" де өз ойынын енді тапқандай. Биылғы чемпионатты сәтсіз бастағанымен, соңғы турларда қарқынын үдетіп келеді. Бұл жолы "Ордабасы" оғландары да кеншілер клубына төтеп бере алмады.

Өткен маусымдағы ел чемпионы, яғни "Ақтөбе" қамшыны енді басты. Бұл турда "Қайсарды" ірі есеппен ұтып, көш басында қара үзіп бара жатқан "Астана" мен "Шахтердің" ізіне түсті.

Арно Пайперсті үйіне қайтарған "Тараз" Нұрмат Мырзабаевтың жетекшілік етуімен айбынды "Атыраумен" тең түсті. Өз алаңында еншілеген бір ұпай жетістік пе, жоқ па, оны "Тараздың" басшылары таразылай жатар...

Бас бапкерін отставкаға жіберіп, білікті маман іздестіріп жүрген "Тобыл" да өз алаңында бір ұпайды қанағат тұтты. Биылғы маусымда ала-құла ойын өрнегін көрсетіп жүрген "Қайратпен" ұпай бөліскендерін дұрыс дей ме, бұрыс дей ме, оны да Қостанай клубының басшылары ғана айта алады.

Көш соңындағы "Спартак" та өз алаңында бір ұпайға ие болды. Бірақ олардың қарсыластары әлдеқайда қарымда команда еді. Бірақ Талдықорған клубының соңғы турлардағы ойындарына қарап, "жер тарпыған "Жетісудың" арыны алғашқы үш турға ғана жеткені ме" деген ойға шомасың.

Сонымен, жеті турдан кейін "Астана" 17 ұпаймен қара үзіп барады. "Шахтер" 16 ұпаймен елордалықтардың өкшесін басып келеді. "Ақтөбе" 14 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. "Атырау" 12 ұпаймен төртінші орынды иемденіп тұр. "Ордабасы" мен "Жетісу" тоғыз ұпаймен 5-6 орындарды бөлісіп тұр. "Қайсар", "Қайрат" және "Ертіс" сегіз ұпаймен 7-9 орындарда сап түзеді. "Тобыл" алты ұпаймен 10-орыннан, ал "Тараз" бес ұпаймен 11-орыннан жоғары көтеріле алар емес, әлі. Ал "Спартак" екі ұпаймен соңғы орыннан қозғалар емес.

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. VІІ тур.

"Ертіс" (Павлодар) – "Астана" – 3:4
Голдар: Джудович, 16 (1:0). Нөсербаев, 18 (1:1). Бакаев, 28 (2:1). Бакаев, 45-пенальтиден (3:1). Курдов, 45+1 (3:2). Курдов, 56 (3:3). Курдов, 75 (3:4).
Алаңнан қуылғандар: Бакаев, 68 – Аничич, 45.

"Шахтёр" (Қарағанды) – "Ордабасы" (Шымкент) – 3:1
Голдар: Байжанов, 7 (1:0). Саломов, 20 (2:0). Вичюс, 46 (3:0). Төлебек, 90 (3:1).

"Ақтөбе" – "Қайсар" (Қызылорда) – 3:0
Голдар: Гейнрих, 45+1 (1:0). Неко, 49 (2:0). Мирошниченко, 90+4 (3:0).

"Тараз" – "Атырау" – 3:3
Голдар: Эссаме, 30 (0:1). Досмағамбетов, 56 (1:1). Нсереко, 60 (1:2). Тілешев, 68 (2:2). Эссаме, 88 (2:3). Голич, 90 (3:3).
Алаңнан қуылғандар: Голич, 90. Уббинк, 90+3 – Карпович 90+3.

"Тобыл" (Қостанай) – "Қайрат" (Алматы) – 2:2
Голдар: Сиссей, 27 (0:1). Кнежевич, 43 (0:2). Богданов, 69 (1:2). Красич, 73 (2:2).

"Спартак" (Семей) – "Жетісу" (Талдықорған) – 1:1
Голдар: Тәтішев, 5 (0:1). Ковачевич, 68 (1:1).


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай