"Жетісу" басшылығы жаттықтырушыларымен сыйақы үшін соттасып жатыр

30 Тамыз 2014, 14:21
0
"Жетісу" басшылығы жаттықтырушыларымен сыйақы үшін соттасып жатыр - Сергей Трубицин. Сурет "Тараз" ФК сайтынан алынды.
Сергей Трубицин. Сурет "Тараз" ФК сайтынан алынды.

"Жетісу" басшылығы клубтың қазіргі жаттықтырушыларымен алдын ала жасалған еңбек келісімшартында көрсетілгендей, командадағы жағдайға ықпал ете алмайтындықтарын алға тартып, соттасуды жалғастырып жатыр. Бұл туралы "Таразбен" арада болған кездесуден соң "Жетісу" командасының бас жаттықтырушысының көмекшісі Сергей Трубцин мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сотқа төртінші рет шақырды. Бұл, әрине, команданың, жаттықтырушы штабтың көңіл күйіне қатты әсер етеді. Біз ойынға дайындалудың орнына соттарда жүгіріп жүрміз. Мұндай жағдай, яғни өз қызметіндегі команда басшылығы өз қызметіндегі жаттықтырушылармен соттасуы әлемдік футболда бірінші рет кездесіп отырған шығар. Тіпті нақты себептері болса жақсы ғой, ол да жоқ. Еңбек келісімшарты дұрыс жасалмаған дейді, оны қолдан жасаған деп жатыр", - дейді Трубцин.

Ол сыйақы алмағандарына екі жыл болғанын да айтты.

"Жетісу" футбол командасының басшылығы өз командасының ресейлік белгілі маман Омари Тетрадзе басшылығындағы жаттықтырушылар штабын сотқа берген болатын. Бұлай ету арқылы клуб Қазақстан футбол федерациясына тіркелмегендіктен, сыйақы бойынша қосымша келісімшартты негізсіз деп табуды талап етіп отыр. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай