12 наурыз 2014 13:00

"Жетісу" футбол клубы жаңа ойыншыларын тіркей алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет fc-zhetisu.kz сайтынан Сурет fc-zhetisu.kz сайтынан

Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында ойнайтын Талдықорғанның "Жетісуы" қарыздарының барлығынан дерлік құтылып, алдағы маусымға жаңа ойыншылар тіркей алатын болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін Қазақстан футбол федерациясының Дауларды шешу палатасының мәжілісі өтіп, онда "Жетісу" клубына салынған тыйым өз күшін жойғандығы жөнінде шешім қабылданды. Бұл ақпаратты Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты таратты. Естеріңізге сала кетейік, былтыр "Жетісу" клубы өз футболшыларына жалақыларын дер кезінде төлей алмай, сергелдеңге түскен. Өйткені кейбір футболшылары Қазақстан футбол федерациясының Дауларды шешу палатасына шағымданып, "Жетісу" соның сазайын тартқан. Атап айтқанда, былтырғы ел чемпионаты барысында үш ұпайынан айырылып қалған (шегеріліп тасталған). Ең сорақысы, биылғы маусымға жаңа ойыншыларды тіркеуіне тыйым салынған болатын. Енді міне, "Жетісу" футболшыларының жалақыларына қатысты барлық қарыздарынан құтылыпты. Рас, екі ойыншының сыйақы (үстемақы) жөніндегі шағымдары сотта қаралады екен. Талдықорған клубының президенті Қалмұханбет Дөңсебаев отандық sports.kz порталына берген сұхбатында жалақыға қатысты берешектерінің бәрін толығымен өтеп, Дауларды шешу палатасына төлем құжаттарын түгелдей өткізгендігін мәлімдеді. Клуб басшысының сөзіне сенсек, қазір олардың ешқандай да қарызы жоқ көрінеді. "Жетісу" клубының дәл қазір футболшылары мен қызметкерлеріне жалақыларын ай сайын уақытында төлеп отырғандығы да тілге тиек етілген. Ақпан айының жалақысы толық төленген көрінеді. Бүгінде Талдықорған клубы жаңа маусымға қызу дайындалып жатыр. Жоспарлы түрде оқу-жаттығу жұмыстарын толыққанды өткізіп, құрамын нығайтуда. Өз алаңындағы ойындарын өткізетін стадионын да жаңа маусымға әзірлеуде. Орайы келгенде айта кетейік, қазір клуб басшылығы толықтай дерлік өзгерген. Клуб президенті, спорттық директоры және басқа да басшылық қызметкерлері жаңартылған. Өз кезегімізде, жер жаннаты Жетісу жанкүйерлері мен футболшыларына жаңа маусымда осындай жағымды жаңалықтарыңыз көп болсын дегіміз келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети