Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Жолшиев: "Бенфика" мен "Галатасарайдан" ұпай алуға тырысамыз

14 Қыркүйек 2015, 15:24
0
Бауыржан Жолшиев және Бранко Илич. © Vesti.kz
Бауыржан Жолшиев және Бранко Илич. © Vesti.kz

Қазақстан құрамасы мен "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Жолшиев Vesti.kz порталына сұхбат берді. Айта кетейік, "Астана" командасы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан болатын.

"Бізге қиын командалар түсті. Олар топ-деңгейдегі клубтар. Дегенмен біз әр кездесуде барымызды саламыз. Мен топта "Атлетико" клубын фаворит деп есептер едім, бірақ біз оларға оңай беріле салмаймыз. Дегенмен қиын болады", - деді Жолшиев.

Елордалық клубтың жартылай қорғаушысы АПОЭЛ командасымен болған ойын туралы да пікір білдірді. "Біз барынша тырыстық. Астанада гол салдық. Ары қарай жоғарылағымыз келеді. "Бенфика" мен "Галатасарайдан" ұпай алуға тырысамыз", - деді ол.

Жолшиев алдағы ойындарға сабырмен қарайтынын, шамадан тыс қобалжымайтынын айтты. "Мен алаңға шығып, өз жұмысымды орындаймын. Қазақстан футболы үшін мұның тарихи қадам екенін білемін. Біз бұған лайықпыз. Мұның бәрі оңай келген жоқ. Әрине, көп адамның алдында футбол жұлдыздарымен ойнау ерекше әсерге бөлейтіні рас", - деді спортшы.

Еске сала кетейік, 16 қыркүйекке қараған түні қазақстандық "Астана" клубы Чемпиондар лигасының топтың кезеңінде португалиялық "Бенфика" командасымен ойнайды. Букмекерлер бұл кездесуде Португалия елінің клубы фаворит болады деп есептейді. "Бенфиканың" жеңу коэффициенті 1.16-ға тең, ал "Астана" клубының жеңу коэффициенті - 16.00. Командалар арасындағы ойынның тең аяқталуына 6.60 коэффициенті қойылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай