11 тамыз 2014 12:44

Жұлдыздардан құралған "Алатау" ФК логотипі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алатау" командасының футболшылары. © Shalkar Akhanov "Алатау" командасының футболшылары. © Shalkar Akhanov

Қазақстанның эстрада және өнер жұлдыздарынан құралған "Алатау" футбол клубының логотипі дайын болды, – деп хабарлайды Massaget.kz.


Қазақстанның эстрада және өнер жұлдыздарынан құралған "Алатау" футбол клубының логотипі дайын болды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Эстрада және өнер жұлдыздарынан құралған "Алатау" футбол командасының логотипін кеше клубтың ойыншысы, эстрада әншісі Ғаділбек Жанай мен дизайнер Шалқар Ақанов әлеуметтік желілердегі парақшаларында жария етті. Логотип әлеуметтік желілерде көпшілік көңілінен шығып, команда құрамындағы ойыншылардың да ойындағыдай жасалған екен. 

"Маған логотипті жасау туралы ұсыныс әнші Ғаділбек Жанай ағамыздың тарапынан көктемде түскен еді. Уақыт аздау болып, енді ғана дайын болды. Кеше әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін "Алатау" командасының сапында ойнайтын жігіттер алғысын айтып жатыр. Ғаділбек ағаның өзі де жігіттерге ұнағанын жеткізді. Ешқандай өзгеріс енгізбеуіме болатынын айтты. Өйткені, ұнамайтын тұстары болса, қайта ақылдасып шешеміз деп келіскен болатынмын. Алдағы уақытта жаңа логотиппен өнер көрсететін клубқа табыс тілеймін, - дейді логотип авторы, дизайнер және архитектор Шалқар Ақанов.

Айта кетейік, "Алатау" футбол клубы 2004 жылы құрылды. Негізін қалаушылар қатарында "МузАрт" тобы, Ғалымжан Арыстанбекұлы, "Нұр-Мұқасан" дуэті, Жұбаныш Жексенұлы, Күнтуған Сұлтан ("Серілер" тобы) сынды теңбіл доптың тарландары болды. Алғашқы матч "Жұлдызды гол" атауымен әншілер мен әзіл-сықақ театрлары­ның арасында Шымкент қаласында ұйымдастырылды. Бұл шара кейіннен дәстүрлі түрде еліміздің басқа да ірі қалаларында жалғасын тапты. Тек театр артистерімен ғана ойнап қоймай, кәсіби футболшылармен де арнайы кездесулер өтті. Клуб президенті – Ғалымжан Арыстанбекұлы. Топ құрамында 22 ойыншы бар. Атап айтқанда Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Мұқасан Шахзадаев, Жұбаныш Жексенұлы, Ерлан Әлімов, Ғаділбек Жанай, Райым Уайыс, "Арай", "Ринго", Мэлс Сағатұлы, Нұржан Керменбаев, Дәурен Сейітжан тағы басқалар.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети