Журналист тікелей эфирде өзіне тиіскен футбол жанкүйерін микрофонмен ұрды

07 Мамыр 2018, 16:37
0
Журналист тікелей эфирде өзіне тиіскен футбол жанкүйерін микрофонмен ұрды - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Журналист тікелей эфирде футбол жанкүйерін микрофонмен ұрды, деп хабарлады РИА Новости

Агенттіктің хабарлауынша, Fox Sports Mexico каналының тілшісі Мария Фернанда Мора тікелей эфирде өзіне тиіскен жанкүйерді қолындағы микрофонмен ұрған. Оқиғаның видеосы YouTube каналында жарияланды.

Мора Гвадалахара қаласындағы стадионда өткен матчтан кейін репортаж жүргізіп тұрған, ол кездесуде жергілікті команда Торонто клубын жеңді. Журналисті жанкүйерлер қоршап алып, артында тұрған ер адам оған қол жүгірткен.

"Мора оператордың сюжетті аяғына дейін түсіруіне мүмкіндік беріп, ол аяқталған соң артында тұрған жанкүйерді микрофонмен бірнеше рет ұрып, бірдеңе айтты. Ол да жауап беріп, кетіп қалды", - делінген жарияланымда.

Тілші өз қылығы үшін өкінбейтінін Twitter арқылы жазған.

"Бейсенбіде менімен болған жағдай қоғамдық орындарда мыңдаған әйелдің басынан өтеді. Айырмашылығы, бұл жағдай менің басымнан тура тікелей эфир кезінде өтті және мен өзімді қорғайын дедім", - деп келтірді оның сөзін Daily Mail.

Twitter қолданушылары #UnaSomosTodas (Бәріміздің біріміз) хэштегі арқылы журналистке қолдау көрсетті.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай