04 мамыр 2014 14:35

Журналистер арасындағы Бердіқұл турнирі Астанада өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Нұрғиса Елеубеков Фото: Нұрғиса Елеубеков

Футболдан Сейдахмет Бердіқұлды еске түсіруге арналған журналистер арасындағы дәстүрлі турнир биыл 9-10 мамыр күндері Астанада өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Футболдан Сейдахмет Бердіқұлды еске түсіруге арналған журналистер арасындағы дәстүрлі турнир биыл 9-10 мамыр күндері Астанада өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жылдағы дағды, жылдағы дәстүр. Ұлы жеңіс мерекесі күндері журналистер қауымы доп теуіп, қазақ спорт журналистикасының атасы Сейідахмет Бердіқұлды еске түсіруге арналған турнирде қауышады.

Биыл да сол дәстүрден жаңылмай, журналистер доп қуып, додаға түседі. Әрі Сейдағаның бүкілреспубликалық турнирі елордаға ойысып, "Астана-Арена" стадионында өткелі отыр.

Биылғы теңбіл доп додасын да ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігі ұйымдастырады. Негізі, бұл турнир 1996 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Ал ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігі аталмыш доданы 2008 жылдан бері өз қарамағына алған.

Журналистер додасына 21-60 жас аралығындағы БАҚ өкілдері қатысады. Әр команданың сапында 13 адам (12 ойыншы және бір бапкер) болуы керек. Ұйымдастырушылар тек әр басылымда жұмыс істейтін қызметкерлер ғана ойнауы керектігін, сырттан кәсіпқой ойыншы тартуға тыйым салынатындығын қатаң ескетуде.

Тіпті әр мекемедегі, редакциядағы техникалық қызметкерлермен де (инженерлер, жүргізушілер, күзетшілер және т..б) команда құрамын нығайтуларына жол берілмейтіндігі ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбек қол қойған регламентте тайға таңба басқандай етіп көрсетілген.

Ендеше, жасыл алаңда тек журналистердің жүздесуіне тілектеспіз. Төртінші билік теңбіл допты да дедек қаққызып, дәстүрлі дода көрігін қыздыратындығына бек сенімдіміз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети